{metadescription}
Бурабайда жұмада жамағатқа жаңа мешіт  есігін айқара ашты
Бурабайда жұмада жамағатқа жаңа мешіт  есігін айқара ашты

Бурабайда жұмада жамағатқа жаңа мешіт есігін айқара ашты

Бурабайда жаңа мешіт бой көтерді. Құлшылық үйі бүгінгі қасиетті жұма күні жамағатқа есігін айқара ашты.

150 орындық мешіт үш қабаттан тұрады. Мұнда екі үлкен зал, кітапханасы мен құран қатым оқылатын орын бар. Жаңа мешіт жамағат  пен қалталы азаматтардың қаражатына салынған.

Естеріңізде салсақ, өткен жылы мұндағы шағын мешіті өртеніп кеткен еді. Содан бері тұрғындар мен туристер намазды ашық аспан астында оқуға мәжбүр болған. Енді жамағат 7771 шаршы метр аумақта орналасқан мешітте еркін құлшылық жасай алады.

Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:

Біздің ең еліміздегі әсем,көрікті жеріміз осында үлкен архитектурасы да қайталанбас бір тарихи, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын үлкен ізгіліктің куәгері болып отырмыз. Ынтымағымыздың рәмізі болсын деп айтқым келеді! Баршаңызға құтты, мүбәрәк болғай!

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде