{metadescription}
Павлодар облысында бүтін бір елді мекен  нәжіс иісіне тұншығып отыр
Павлодар облысында бүтін бір елді мекен  нәжіс иісіне тұншығып отыр

Павлодар облысында бүтін бір елді мекен нәжіс иісіне тұншығып отыр

Баянауыл ауданындағы Майқайың кенті тұрғындарының айтуынша, кәріз жүйесі былтырдан бері қараусыз қалған. Салдарынан аулалардағы құдықтар нәжіске толып, жертөлелерді де басып үлгерген. Кәріз құдығынан сыртқа кеткен дәрет қазір елді мекеннің көшелерінде өзен боп ағып жатыр. Атқамінелер болса, былтыр тендерді ұтқан алматылық компания істі бастамай жатып, тастап кетті дейді.

Юлия Безлепкина мына пәтерге отбасымен он екі жыл бұрын көшіп келген. Суы, жылуы, дәретханасы бар осы жайлы үйде екі ұлын өсіріпті. Бірақ биыл бұл рахаттың бәрінен айырылдық дейді. Кәріз жүйесі бұзылған.

Юлия Безлепкина, Майқайың кентінің тұрғыны:

-Бәріміз дәретке шелекке барып жүрміз.Үйде бар болғандықтан сыртқа әжетхана салмаған едік. Қазір ыдыс-аяқ, кір жуу түгілі өзіміздің жуынып-шайынуымыз  қиындап кетті. Қыста жағдайымыз қалай болады?Мұны ойлап жатқан ешкім жоқ.

Майқайың кентіндегі жүздеген пәтерде де жағдай дәл осындай. Кәріз жүйесі істен шыққалы ауладағы құдықтар түгел нәжіс суына толып, үйлердің жертөлесін де басып қалған.

-Жертөлесі кәріз суына толып үлгерген мына үйдің тұрғындары баспаналарында сасық иіске тұншығып отыруға мәжбүр. Сыртқа аққан үлкенді-кішілі дәрет аулада мынадай көлшікке айналып жатыр. Ал кішкентай балалар нәжіс суына қайық ағызып ойнайды екен.

Кәріз құдығынан сыртқа аққан дәрет суы қазір көшелерде өзен боп ағып жатыр. Жағымсыз иіске әбден тұншыққан тұрғындардың арасында сырқаттанып қалғандары да бар. Үш, төрт және бес қабатты тұрғын үйлердің  жертөлесіндегі жағдай тіпті ушыққан. Бірінші қабатта тұратын жандар күні-түні бет-ауыздарын тұмшалап жүруге мәжбүр.

-Боқ пен сідіктің суына тұншығып жатырмыз. Жұмыстан келеміз, демала алмаймыз. Таңертең ауырып қайтамыз жұмысқа.

Кәріз жүйесіне жылдар бойы жергілікті кәсіпорындардың бірі жауапты болған. Ал былтыр жарияланған байқау бойынша тендерді алматылық компания ұтыпты. Бірақ су мен жылу жүйесін бірге бермедіңдер деп кәріз жүйесімен айналысудан бас тартқан. Ақыры желі қараусыз қалады. Ал әкімдіктегілер бар пәлені тұрғындардың өздерінен көріп отыр.

Сұңқар Аханов, Майқайың кентінің әкімі:

-Майқайың кентіндегі жүзден аса пәтерде жалдамалы кісілер тұрып жатыр. Сондықтан жалдап тұрған кісілердің енді жауапкершіліктері аз болады. Кәріз жүйесіне кез-келген нәрселерді тастап жатады. Өзім басында жүріп көріп жатамыз.

Осылай деген атқамінерлер кәріз жүйесі бүгінде Баянауыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қарамағында деп сендірді.

-Жақын күндері тариф құны бекітіліп, аталмыш жүйені бұрынғы иесіне қайтарып беру жоспарланған. Ал жүйені толық жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзір. Бірақ бұған қаржының қашан бөлінері белгісіз. 10 мыңға жуық тұрғыны бар Майқайың кентінің кәріз жүйесі осыдан жарты ғасыр бұрын іске қосылғанын айта кетейік. Онсыз да тозығы жеткен жүйе дер кезінде қолға алынбаса, ауылдың өркениеттен мүлдем қол үзетін түрі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде