{metadescription}
Елімізде сауда орталықтары эвакуациялық есіктерді қайта жауып тастаған
Елімізде сауда орталықтары эвакуациялық есіктерді қайта жауып тастаған

Елімізде сауда орталықтары эвакуациялық есіктерді қайта жауып тастаған

Тексеріс біткен соң есікті қайта жабады! Еліміздегі ірі сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі әлі де толық шешілмеген. Ішкі істер министрлігі  кәсіпкерлер күзеттен ақша үнемдеп, эвакуациялық есіктерді қайта жауып тастаған деп айыптады.

Яғни, бизнесмендер сауда  орталықтарындағы  қосалқы есіктердің жанына күзетші жалдауды  артық шығын деп есептейді. Мұның  өрт шыққан жағдайда аса қауіпті екенін ешкім ескеріп жатқан жоқ. Бірақ, елімізде  адам көп жүретін ойын-сауық және сауда орталықтарында  қауіпсіздікті тексеруге мораторий жарияланбаған. Төтенше жағдай комитеті  прокурорлардың рұқсатымен  жоспарлы тексеріс жүргізіп тұратындарын айтады.  Заң бұзғандар сот алдында жауап беріп те жатыр екен. Бірақ бір де бір сауда орталығы,  не кинотеатр эвакуациялық есікті жауап тастағаны үшін жұмысын тоқтатпаған. Тек әкімшілік жауапкершілікпен құтылуда.  Ал  талап бойынша, ғимаратта  өрт дабылы  жұмыс  істеп тұруы тиіс, қосалқы есіктер кілтсіз ашылуы қажет және бірнеше шығу жолы болуы керек екен.

Юрий Ильин, Ішкі істер вице-министрі:

-Кәсіпкерлер тексеріс келгенде ғана эвакуациялық есікті ашып, уақытша күзет қояды. Ал прокурор, полицейлер кете салысымен,  бәрі  бұрынғы қалпына келеді. Сондықтан бұл мәселені тек  тексеріс  арқылы шешу мүмкін емес.  Алдымен бизнесмендер  мыңдаған адамның өміріне жауапты екенін түсінуі тиіс. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде