{metadescription}
Алматыда үйі өртенген отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды
Алматыда үйі өртенген отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Алматыда үйі өртенген отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Отағасы алпысты алқымдап қалған. Оның үстіне екінші топтағы мүгедек. Ал әйелі табылған жұмысты істеп, жанұясын асыраған. Күннің суығында далада қалған ерлі-зайыптылардың баспанасын қалпына келтіруге қаражаты жоқ.    

Көрші үйдің моншасынан шыққан өрт үш бірдей отбасыны далада тентіретіп қойды. Әсіресе, Жұмабековтер қатты зардап шеккен. Отбасының дүние-мүлкімен қоса, құжаттары мен киім-кешектері түгелдей жанып кетіпті. Өрттің кесірінен көшеде қалған жанұяның үйін қалпына келтіруге қаражаты жоқ. Ал  моншаның иесі тұрмысы нашар, өзі мүгедек екен. Одан ақша даулауға батпаған отбасы қазір уақытша жақындарын паналауда. Бірақ олардың өздері жалдамалы үйде тұрады. Алпысты алқымдаған отағасы бұрынғы жұмыс орнында екінші қабаттан құлап, басынан ауыр жарақат алған. Сондықтан, жұмысқа жарамайды. Ал әйелі біреудердің баласын бағып, күн көрген. Туыстарының жиып берген көмегі тек шатырды жабуға ғана жетіпті. Тапқан-таянғаны тамағынан аспайтын ерлі-зайыптылар көпшіліктен көмек сұрайды.              

Ұлтуар Дүйсембиева, зардап шегуші:

-Енді қазір бәрінің бала-шағалары бар. Бәрі бір жалақыға қарап отыр. Алдымызда қыс келе жатыр. Күн суығанға дейін түгел бітірмесек те, бір-екі бөлмесін бітіріп, ішіне кіріп тұратындай жағдай жасаса деген ой бар.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.