{metadescription}
Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін
Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін

Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін

Ішкі істер министрлігі  ойлап тапқан жаңа қызмет түрі Қазақстанға қыдырып келетін шетелдіктердің  қауіпсіздігіне жауап бермек.  

Мұрат Қабденов, ҚР  ІІМ  көші-қон қызметі комитетінің төрағасы:

-Туристік полицейлер тек туристермен жұмыс істейтін болады. Бірақ мұндай жаңа қызметтің қалай іске асатыны әзірге белгісіз. Қазір дамыған елдердің тәжірибесін көріп, зерттеп жатырмыз. Бір анығы, туристік тәртіп сақшылары болса, қонақтар елімізге қорықпай келеді.

Өйткені кәдімгі полицейлердің этикасына, шетелдіктердің тарапынан шағым көп. Тіпті, сақшылар ағылшынша екі ауыз сөз білмейді. Енді туристік полиция құрылса, бұл кемшілік жойылады деген үміт бар. Сондай-ақ, туризмді дамыту үшін аспандап тұрған  ұшақ билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін. Бірақ келесі жылдан бастап. Өйткені, еліміздің әуе компаниялары толықтай отандық керосинмен қамтамасыз етілгелі жатыр. Алайда мұнымен мәселе шешілмейді деген депутаттар, алдымен әулиелер жерленген қасиетті орындарды ретке келтіру керек деп дабыл қақты. Әсіресе, Маңғыстау облысында Бекет атаның басына барып, тәу етушілер қиын жағдайға тап болады екен. Өйткені мұнда қарапайым дәретханаға дейін жоқ.

Тұрсын Сыздықов, мәжіліс депутаты:

-Бекет ата басына елімізден ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер барады. Бірақ, жол өте жаман болғандықтан онда жету мұң. Қиналып келген соң, не жатар орын жоқ. Адамдар жерге көрпе жайып ұйықтайды. Әрі қысылсаң, дәрет сындыратын жер таппайсың.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде