{metadescription}
Маңғыстауда сөмке толы пара алған лауазымды шенеунік ұсталды
Маңғыстауда сөмке толы пара алған лауазымды шенеунік ұсталды

Маңғыстауда сөмке толы пара алған лауазымды шенеунік ұсталды

Маңғыстау облысында мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды. Бисен Қожахметов тергеу аяқталғанша екі ай бойы абақтыда отыратын болады. 35 жастағы шенеунік кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Көк сөмке толы ақшаны бизнесмен оның көлігіне жеткізеді. Параны берген бойда Бисен Қожахметов пен кәсіпкерді ұлттық бюродағылар ұстайды. Бірақ пара берушінің кім екенін ешкім айтпай отыр. Белгілісі салыққа қатысты тексеруден соң кәсіпкер өсімпұл көлемін азайтуды өтініпті. Ол үшін Қожахметов 10 миллион теңге талап еткен. Қазір аймақтағы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары соттың санкциясымен қамауға алынған. 35 жастағы шенеунік 15 жылдан бері салық саласында еңбек етіп келеді. Облыстық департаментке басшылыққа келгенше Жаңаөзендегі басқарманы басқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде