{metadescription}
Семейлік журналистерге танымал мамандар дәріс оқыды
Семейлік журналистерге танымал мамандар дәріс оқыды

Семейлік журналистерге танымал мамандар дәріс оқыды

Семейде студенттерге арналған «Жас Қалам»  аймақтық форумы өтті. Шара шеңберінде елімізге танымал медиа-мамандар оларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Тілшілік қызметтің қыр-сырын үйренуге осы өңірдегі 14 пен 29 жас аралығындағы 100 жуық адам қатысты. Оларға қазіргі медиада ахуал мен ақпарат таратылуда ескерілетін басты қағидалар туралы ауқымды дәріс оқылды. Жобаға қатысқан жастарға шара соңында арнайы сертификат табысталды. «Жас қалам» жобасы аясында 500-ге жуық жас журналистің шеберлігін арттыру жоспарланған. Шара осыған дейін Тараз, Алматы қалаларында өткізілген еді. Бұл бастамаға Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстан жастар конгресі мұрындық боп отыр.

Ирина Тен, тележүргізуші:

-Қазіргі ақпараттық заманда, ақпаратқа ие болу өте қиын. Сондықтан да, нағыз кәсіби-мамандарды тәрбиелеу үшін университеттің бағдарламасынан тыс, басқа адамдардың да ой-пікірі керек сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.