{metadescription}
Атышулы Абай ауылында оқушыны зорлады деп күдікке ілінгендерге қатысты сот басталды
Атышулы Абай ауылында оқушыны зорлады деп күдікке ілінгендерге қатысты сот басталды

Атышулы Абай ауылында оқушыны зорлады деп күдікке ілінгендерге қатысты сот басталды

Шымкентте 7 жасар баланы зорлауы мүмкін делінген оқушылардың ісі бойынша сот процессі басталды. 8 ай бойына жалғасқан тергеуден кейін сотқа өткен істі алқа билер тобы жабық есік жағдайында қарайтын болды.

Сәмидин Темірәлиев, судья:

-ҚР ҚК-нің 121 бабының 4-ші бөлігімен қарастырылған қылмыстық іс бойынша, яғни «сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін» кәмелет жасқа толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол істі алқа билер қатысуында қаралады. Алқа билер саны 12 адам.

Жәбірленуші мен сотталушы екеуі кәмелет жасына толмаса да тағылған айыптың ауырлығына байланысты іс ювеналды сотта емес, қылмыстық сотта қаралуда. Белгілісі бүкіл елді дүрліктірген істе күдікті ретінде 16 жасар жалғыз жасөспірім танылған. Оған жас балаға қатысты сексуалды сипаттағы зәбір көрсету бойынша бір баппен айып тағылды. Бұл бап бойынша айыпталушы 15 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сотталушыны екі адвокат қорғап жатыр. Еске салайық, биыл наурыз айының басында Сарыағашқа қарасты Абай ауылында 7 жасар баланы жоғарғы сынып оқушыларының бірнеше мәрте зорлағаны туралы ақпар тараған болатын. Даулы іске Бас прокуратура араласып, тіпті шетелдік сарапшылар да тартылған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде