{metadescription}
Жамбыл тұрғыны қызының өліміне құдағиын айыптады
Жамбыл тұрғыны қызының өліміне құдағиын айыптады

Жамбыл тұрғыны қызының өліміне құдағиын айыптады

Ажалдың арты дауға айналды. Жамбылда жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының анасы бұл үшін құдағиын айыптайды.  Оның айтуынша, құдағиы келініне пышақ сұғып өлтіріп, кейін оны өзіне қол салғандай етіп көрсеткен көрінеді. Қайғыдан қан жұтқан ана перзентінің суицид жасағанына сенбейді. Сондықтан қызының енесін қамауға алуды талап етеді.   

Гүлнұр Тұрдалы келін боп түскен үйінде өткен айдың 18-і күні ажал құшты. Ұзатылғанына небәрі тоғыз ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп көз жұмған. Ол өзіне қол салған дейді марқұмның енесі. Алайда марқұмның анасы, бұған сенбейді. Айтуынша оны енесі, қайынсіңлісі және күйеуі әдейі немесе жанжал кезінде абайсызда өлтіріп алған.  

Динара Заттыбекова, Гүлнұр Тұрдалының анасы:

-Қайынсіңлісі үшеуі ғой жабылып істеп отырған. Олар бәрін тап-таза қылып отыр ғой. Менің қызым өз-өзіне жұмсайтындай оның күші де жоқ.

Отбасылық жанжалдан зәрезап болған Гүлнұрдың төркінінде 10 күн жатып келгені анықталды. Сол оралған күннің ертесіне қайғылы жағдай болған. Бауыр еті баласынан айырылған ана енді ақиқатына жете алмай зар жылап жүр.  

-Айт шындығыңды, жауап бер. Адам құсап мен сендерге сеніп жібердім. 

Құда болып, құйрық-бауыр асатқан қос тарап қазір бір-біріне өлердей өш. Көрген жерде жаға жыртысып, қырық пышақ болады. Бірақ Гүлнар Садырқұлова құдағиының таққан айыбы орынсыз дейді.

Гүлнар Садырқұлова, Гүлнұр Тұрдалының енесі:

-Құдай алдында да, Құран да ұстайын, мен адалмын, жасыратыным жоқ. Бала-шағам да , өзім де адалмын.

Гүлнар Садырқұлова сұмдық жағдайдың қалай болғанын өзі де анық  білмейді. Оның айтуынша, томаға тұйық келіні таңғы астан кейін үлкен үйге кіріп кеткен. Артынан іздеп барған қызы мен өзі оны жерде ес-түссіз жатқан жерінен көреді. Жанында пышақ болған. Дереу жедел жәрдем шақырмастан ауруханаға жеткізеді. Гүлнұр сол жерде жан тапсырған. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүруде.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тегеу амалдары жүруде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Марқұм кісі қолынан қаза тапты ма әлде суицид пе? Енді ол жағын тергеушілер анықтайтын болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.