{metadescription}
Досаев жұмыссыздықтың себебін елдегі беби-буммен байланыстырды
Досаев жұмыссыздықтың себебін елдегі беби-буммен байланыстырды

Досаев жұмыссыздықтың себебін елдегі беби-буммен байланыстырды

Беби-бум еңбек нарығын тығырыққа тіреуі мүмкін! Бүгін вице-премьер Ерболат Досаев  21 ғасырдың  басында туылған ұл-қыздарға жұмыс табу қиын болатынын мәлімдеді. Қазірдің өзінде бес жыл оқып алған дипломын қажетіне жарата алмай жүрген жастар көп. Ал оларды еңбекпен қамтуы тиіс жауапты министрлік алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Елімізде екі қолға бір күрек таппай сенделгендердің саны миллионға жуықтайды. Бүгін парламенттік тыңдау өткізген қос палата депутаттары мен үкімет мүшелері осы жұмыссыздарды қалай азайтамыз деп бас қатарды. Оның үстіне бала туу көрсеткішінің тым жоғары болуы еңбек нарығындағы ахуалды бұдан да ушықтырып жіберуі мүмкін. Өйткені сұраныс олардың барлығын еңбекпен қамтуға жетпейді.

Ерболат Досаев, ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОРЫНБАСАРЫ:

-2000-шы жылдардың ортасынан басталған беби-бум еңбек нарығына қосымша жүктеме әкеледі. Осылайша, бір жағынан нарық талаптарына сәйкес келетін өндіруші жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету, екінші жағынан сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау қажет.

Беби-бумнан, яғни бала туудың көбеюінен жұмыссыздардың саны артатынын  депутаттар да айтып отыр. Оның үстіне 2030 жылға қарай халық саны тіпті 20 миллионнан асады деген болжам бар. Бірақ, жұртты жұмыспен қамтуы тиіс жаңа бағдарлама әзірлеп жатқан Еңбек министрі алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Мадина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Адам санының өсуін керісінше жаңа жұмыс күші деп түсіну керек. Олардың барлығына нан табуға мүмкіндік бар. Біздің есебімізше, 2025 жылға дейін миллионға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Тиісті бағдарлама бар.

Бірақ жұртты жұмыспен қамтуы тиіс осы бағдарламаға халық қалаулыларының көңілі толмайды. Өйткені, бес жыл оқып алған дипломын қажетіне жарата алмай жүргендер тым көп. Сол үшін мәжіліс төрағасы қажетсіз мамандықтарды мүлдем жойып, жастарды заман талабына сай оқыту керек дейді.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Білім беру бағдарламалары қазіргі талапты толық орындамай отыр. Сол себептен студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз.

-Яғни түрлі өндіріс орындарында қазір цифрландыру, автоматтандыру жүйесі орнатылып жатыр. Сондықтан гуманитарлық саладан гөрі, техникалық кәсіпке  көбірек көңіл бөлу керек дейді депутаттар. Ал сарапшылар болса, дәл қазір күзетші, жүргізуші, құрылысшы және мейірбике секілді мамандықтарға сұраныс көп дейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.