{metadescription}
Алматыда жарнамалар сайысқа түсті
Алматыда жарнамалар сайысқа түсті

Алматыда жарнамалар сайысқа түсті

«РЕД ЖОЛБОРС»  атты ортаазиялық фестивальде адамдарды мезі қылмай, керісінше, қызықтыра түсетін ең мықты жарнамалар анықталды. Ал оларды жасаушы маркетолог пен PR-шылардың қанжығасы майланып қалды.

Жарналамалар жарысында жүздеген маркетолог бағын сынап көрмек болды. Алайда жарнаманың жілігін шаққан мамандар ішінен тек 11-ін ғана таңдап алды. Десе де, идеялары өтпей қалғандар фестивальден құр алақан қайтқан жоқ. Оларға Қазақстан, Ресей мен Европаның ең танымал маркетологтары дәріс оқыды. Жалпы, аталған іс-шара алты жыл қатарынан Бішкекте өтіп келіпті. Биыл тұңғыш рет Алматыда ұйымдастырылды.

Сабина Рейнгольд, «Red Jolbors»  фестивалінің продюсері:

-Ең басты мақсатымыз - жарнаманы дамыту. Осы саланы қолдай отырып, оларды жасаушыларға шабыт беру. Өйткені бұл да шығармашылықтың бір түрі. Сондықтан, міндетті түрде халықтың көңілінен шығуы тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.