{metadescription}
Астанада табысты болудың жолдары айтылды
Астанада табысты болудың жолдары айтылды

Астанада табысты болудың жолдары айтылды

Заманына қарай адамы. Астанада ауқымды «RocketFest» жастар  фестивалі өтіп, онда түрлі салада айтарлықтай жетістікке жеткен тұлғалар жастарға табысқа қалай жеткенін айтып берді. Бұл шараға Тұңғыш Президент қоры мұрындық болып отыр.

 
Олар – заманның басты қаруына айналған ғылым мен білім, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар сынды салаларында зор табысқа жеткен азаматтар. Солардың мұнша жетістікке қалай қол жеткізгенін 12 және 22 жас аралығындағы мыңнан аса қатысушы өз ауыздарынан естіді. Әңгіме негізінен, «бизнесті қалай меңгеруге болады?», «келешекте қандай IT-технологиялар болады немесе интернет-аудитория үшін сапалы материалды қалай дайындау керек?» деген сұрақтар төңірегінде өрбіді. Фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар енді осындай шараны аймақтық, одан соң Астанада он мың адамның басын қосып, халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап қойыпты. Оған әлемдік деңгейдегі ІТ және медиа саласының білгірлері шақырылмақ.

Әлкей Марғұлан, Тұңғыш Президент қоры халықаралық бөлімінің басшысы:

-Астана қаласының мектепте оқитын оқушылары, университетте оқитын студенттері бүгін келіп қатысып жатыр. Яғни біз қазіргі кезде 21-ші ғасырға ең қажетті нәрсе, цифрлық өмірде өмір сүріп жатқан жастарға қажетті креативтілік, икемділік секілді қасиеттерді қалай дамыту қажеттігін осы жерде талқылайтын боламыз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде