{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты іс сұйылып барады
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты іс сұйылып барады

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты іс сұйылып барады

Тергеуші іспен танысуға толық мүмкіндік бермей жатыр. Алматыда соққыға жығылған жәдел жәрдем көлігі жүргізушісінің адвокаты осындай мәлімдеме жасады. Андрей Диденконың айтуынша, тергеуші істің көшірмесін түсіріп алуға рұқсат бермей, сендердің ондай құқықтарың жоқ деп қысқа қайырған.    

Андрей Диденко, адвокат:                        

-Бізді іспен танысуға шақырған. Бірақ 5-ші қабаттан ерінбей түскен тергеуші біздің ішке ұялы телефонсыз кіруімізді қатаң бақылады. Іспен танысыңдар, бірақ көшірмесін түсіруге болмайды, оған құқықтарың жоқ деді. Осылайша ол қылмыстық процесуалдық кодекстің 295-ші бабын бұзып отыр. Біздің қолымызда өтініш хат болған, бірақ оны да қабылдамай, заңды белшесінен басты.

Сондай-ақ, жәбірленушінің стационарлық және амбулаториялық ем қабылдауына қатысты қосымша сараптама жүргізуден бас тартқан. Ал адвокаттың айтуынша, оқиға болған күні амбулаториялық емдеуге жіберілген Николай Кучма келесі күні ауруханаға түсіп қалыпты. Естеріңізге салсақ, Алматыда осыдан екі аптаға жуық уақыт бұрын жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучма соққыға жығылған болатын. Кейін 61 жастағы қартқа қол жұмсаған Түркия азаматы ұсталды. Алайда кепіл ақша төлеген 27 жастағы Әли Демір қазір бостандықта жүр. Прокурорлар бұны күдіктінің, 5 жылдан астам уақыт бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылса ғана, қамауға алынатындығын айтқан болатын. Ал жігіт қателігін мойындап кешірім сұраса да, жәбірленуші істі соңына дейін жеткізбей тынбаймын деп, кешірім беруден бас тартты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде