{metadescription}
Алматы тұрғындарының жылуға қарызы 2 миллиардқа  жетті
Алматы тұрғындарының жылуға қарызы 2 миллиардқа  жетті

Алматы тұрғындарының жылуға қарызы 2 миллиардқа жетті

Алматыда коммуналдық мекемеге берешегі бар тұтынушылар жылуды дер кезінде жүргізуге бөгет болуы мүмкін. Биылғы жылу маусымына дайын екенін айтқан Алматы әкімдігінің өкілдері осындай түйткілдің барын жасырмады.

Алып шаһардың өзінде халық өткен жылдың жылуына 1 млрд 800 мың теңге қарыз. Мамандар тұрғындардың жылу маусымы бітісімен арқаны кеңге салып, шот төлеуді созатынын айтады. Жаз бойы жиналып қалған қарызды азаматтар қыс тірелгенде ғана жабады екен. Сондай-ақ, шенеуніктер оның тарифі қымбаттамайды деп сендірді. Ал, қала бойынша жылу құбырларының 60 пайызы ескірген. Оны жаңалауға уақыт пен қаржы жеткіліксіз. Осы орайда, жылуға жауапты мекеме ақауы бар құбырларды анықтайтын цифраландыру бағдараламасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан былай, әбден тозығы жеткен ескі құбырларға есептегіш құрылғылар орнатылмақ. Айта кетейік, биыл Алматы жылу жүйесі тот басып, әбден ескірген 30 шақырымнан аса құбырды ауыстырған.

Мақсұт Исахов, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

- Трубалардың үстінде датчиктер орнатылатын болса, су аққан жерде 10 см көлемін анықтап береді. Екіншіден, трубаның жағдайын айтып отырады. Үшіншіден, офисімізде отырып, трубаның давлениясын не көтеру, не түсіру жағдайын диспечерлік орталықта отырып жұмыс жасай беруге болады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.