{metadescription}
Алматы облысында шенеуніктерге сеніп пешін бұзған тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін
Алматы облысында шенеуніктерге сеніп пешін бұзған тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін

Алматы облысында шенеуніктерге сеніп пешін бұзған тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін

Себебі әкімдіктегілер ала жаздай Балпық би аулындағы көпқабатты үйдің бәрін орталықтандырылған жылу құбырына тегін қосамыз сүйінші сұрапты. Қара күз түскенде ол сөздерінен айнып қалып отыр. Енді құбыр тартуға әр шаңырақ жүз мыңдап ақша шығаруы керек. Оны төлемесе, қыс бойы пәтерлерінде бүрсеңдеп отыруға тура келеді.

Балпық би ауылындағы бұл үйдің тұрғындарына биылдан бастап пәтерлерінде от жағып, күл шығаруға әкімдіктегілер тыйым салыпты. Көктемде олар үй аралап, дереу пештерін бұзуды бұйырған.

Жеңісбек Ақжекей, Балпық би ауылының тұрғыны:

- Әкімшіліктің адамдары  пешті алу керек  деді. Айыппұл салады деп қорқытты. Содан кейін алып тастадық.

Балпық бидегі көпқабатты он екі үйдің тұрғындары пештерін бұзуға келгенде тым белсеніп кетіпті. Шенеуніктер орталықтандырылған жылу құбырына тегін қосамыз дегенде қуанып, алғыстарын жаудырған. Енді қара күз түскенде алданғандарын бір-ақ біледі. Өйткені, көше бойынан подъезге кейін құбыр тартуға тұрғындар ақшаны өз қалталарынан төлейді екен.

Шенеуніктер болса үйге дейін жылу тарту біздің міндетімізге кірмейді деп ат-тондарын ала қашады. Негізгі трассаны жүргізіп бергенімізге алғыс айтсын деп отыр.

Дәулет Халелов, Көксу ауданы әкімінің орынбасары:

- Егер үйлеріңізге ішке кіргіземін десеңіздер көпшілік жиналып, бір слесарь тауып, оны жалдап үйлеріңізге кіргізесіздер өз есептеріңізден. Жылу жүйесін орталық жерлерге қоямыз да, ішкі дүниелерін өздері тартып алады  

Қазір тұрғындар жылу құбырын тартуға кететін шығынды есептеп, бастары қатып жатыр. Әр отбасына шаққанда кем дегенде 200 мыңдай теңге шығады екен. Мұны көбінің қалтасы көтермейді. Онымен қоса бұл шаруаны үйлестіретін кондоминиум да, кооператив те жоқ. Сондықтан Балпық бидегілерге бұзылған пешті қайта салуға тура келетін сияқты.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде