{metadescription}
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны арта түсті
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны арта түсті

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны арта түсті

Индонезиядағы алапат табиғат апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ал осы жер сілкінісі мен цунамиден көз жұмғандардың саны әлі артуы мүмкін. Соңғы мәлімет бойынша, 1200-ден астам адам қаза тапқан. Алайда құтқарушылар зілзаланың негізгі ошағы саналатын Дунгала ауданына енді кешірек табан тіреген. Ал ол аймақта магнитудасы 7 балдан асатын жер сілкінісі болған.

Индонезиядағы курортты қала Палу көшелерінде мәйіттерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами жолындағының бәрін қиратып кеткен. Тіпті, екі мәрте оралып соққан зілзаланың бірінің қуаты 7,4 балға жетіпті.  Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 1200-ден астам адам қаза тапқан. Алайда, зілзаланың негізгі ошағы саналатын Дунгала ауданына кешірек табан тіреген құтқарушылар опат болғандардың саны артатынын айтады.

Сутопо Пурво Нугрохо, Апатты жою агенттігінің өкілі:

Қаза тапқандардың саны артатынын жасырмаймыз. Қирағанды астында қалып қойғандар әлі көп. Тіпті, көптеген адамдардың кім екенін анықтай алмай жатырмыз.

Биіктігі 7 метрлік толқын шайып кеткен Палу қаласында баспанасыз қалғандар да мыңдап саналады. Тіпті, кейбір елді-мекендер селдің астында қалып, жойылып кетті деген қауіп бар. Көз алдында бірнеше адамның жан тапсырғанын көрген куәгерлер, қас-қағым сәтте ештеңеге үлгермедік дейді.

Мия, Палу қаласының тұрғыны:

Қызымды көтерген қалпы бұзылған эскалаторға қарай жүгірдім. Әупірімдеп жүріп сыртқа шығып, аман қалдық.

Күндіз-түні зілзала зардабымен күресіп жатқан ұлттық құтқару агенттігінің өкілдері, қазірдің өзінде 2 жарым миллион адамға гуманитарлық көмек қажет дейді. Алдын ала мәлімет бойынша, Индонезиядағы табиғат апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.