{metadescription}
Семейлік әйел ұлымен бірге биіктен секіріп өлді
Семейлік әйел ұлымен бірге биіктен секіріп өлді

Семейлік әйел ұлымен бірге биіктен секіріп өлді

Семейде көпқабатты тұрғын үйдің 12-ші қабатынан секірген келіншекпен бірге баласы да құлаған. Өкінішке қарай, 44 жастағы әйел мен оның 8 жастағы ұлы алған жарақатынан сол жерде тілге келместен көз жұмды. Тіпті, олардың бұл әрекетін көршілерінің ешқайсы байқамаған екен. Жұрттың айтуынша, оқиға таңғы сағат 5- тер шамасында болған.

Қайғылы жағдай, 14 қабатты мына тұрғын үйде болған. Анасы мен баласы осы көпқабатты баспананың 12-ші қабатында екеуі ғана тұрыпты. Кеше таңда 44 жастағы келіншек өз пәтерінің балконынан 8 жастағы ұлымен бірге секіріп, екеуі де көз жұмды. Көрші- қолаң бұл екеудің өздеріне қол салғанына сенбей отыр. Айтуларынша,  оның адамгершілігі мен сыйласымдығы ерекше жан болған. Тіпті, мұңдай теріс әрекетке барғанын да ешқайсысы аңғармай қалдық дейді.

Клавдия Шериязданова, көршісі:

-Маған 7- де көршім хабарласты. Қарасам анау арада бір кішкене бала жатыр екен. Үстінде киімі бар. Ал әйелді көргем жоқ.

Тимур жергілікті №7 мектеп лицейінде оқыған. Биыл жеткіншек небәрі екінші сыныптың табалдырығын аттапты. Ұстаздары оны мектепке үнемі анасы ғана әкеліп жүргенін айтады. Ал бала өз ортасында белсенді және сабақ үлгерімі жақсы болған дейді.

Дамира Әкімбаева, №7 мектеп- лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-Тәртібі мен білімі жағынан өте жақсы оқушы болды. Тәртібі жағынан ешқандай бұзақылық танытпайтын. Сабақты қанағаттанарлық бағамен оқитын оқушы болған.

Баласы 12-ші қабаттан анасымен бірге секірді ме әлде оны шешесі өзімен бірге ала кетті ме, бұл жағы белгісіз. Мұндай сұмдық қадамға баруға не себеп екені де әзірге беймәлім. Қазіргі уақытта, полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың ақ-қарасын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көрші-қолаң жалғызбасты ананың ақыл-есі дұрыс болғанын айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.