{metadescription}
Қасымбек қара тізімге ілінген ұшақтарға қатысты түсініктеме берді
Қасымбек қара тізімге ілінген ұшақтарға қатысты түсініктеме берді

Қасымбек қара тізімге ілінген ұшақтарға қатысты түсініктеме берді

Елімізде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған екі шағын әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды. Өйткені Азаматтық авиация комитеті оларға тиесілі 17 ұшақтың әбден тозығы жеткенін анықтапты.

Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму министрі:

-Өзінің процедурасы бар. Мерзімі бар арнайы. 2-3 жыл сайын жөндеуден өтуі керек. Сол жөндеудің  уақыты келді. Бірақ жұмыстар әлі атқарылған жоқ. Сол үшін уақытша тізімнен қолданыстан шығарылып жатыр.

Қолданыстан шығарылғандар негізінен «Ан-2» және «Тэкнам» ұшақтары. «Азия авиалайнс» және «Қазавиа» компанияларына тиесілі әуе көліктері ауыл шаруашылығына пайдаланылыпты. Яғни егістік алқаптарын улап, түрлі зиянкестерден қорғаумен айналысқан. Бірақ ұшақтар дер кезінде техникалық тексеруден өтіп, жөндеу көрмегендіктен кез-келген уақытта апатқа ұшырауы мүмкін еді. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын бұзған компаниялардың жұмысы тоқтап қана қоймай, басшылары ірі көлемде айыппұл арқалады. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде