{metadescription}
Алматылық оқушыны ұстаз бен ұлы жабылып сабап тастаған
Алматылық оқушыны ұстаз бен ұлы жабылып сабап тастаған

Алматылық оқушыны ұстаз бен ұлы жабылып сабап тастаған

Алматыда оқушыны отбасымен бірге сабап тастады делінген әлеуметтік педагог жұмыстан босатылды. Мектеп директорының айтуынша, басы дауға іліккен ұстаз өз еркімен арыз жазыпты.  146-шы мектепте оқитын Арнұр Мақсаттың ата-анасы баласын білім ошағындағы педагог пен оның отбасы соққыға жығып, перзенттерінің ауруханадан бір-ақ шыққанын айтқан болатын. Бірақ, қазір бізге полицейлер тарапынан арызыңды қайтып ал деп, күш көрсетіліп жатыр дейді көз жасы көл болған ата-ана.

Күндіз-түні аурухананы торуылдап, баласының жай-күйіне алаңдаған Евгения Қожалымова мектептегі сұмдықты еске  алуға қорқамын дейді. Оның айтуынша, 14 жастағы Арнұр Мақсат пен педагогтың баласы арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі кикілжіңнен басталыпты. Кейін мән-жайды білген директордың орынбасары Арнұрды кабинетіне шақырады. Бірақ содан шығып келе жатқан сәтінде оған дәлізде тұрған ұстаз бен ұлы, одан қалды қызы мен күйеуі қосыла жабылған дейді Евгения. Ал, басы зақымданып, миы шайқалған баламның жағдайы қазір мүшкіл дейді егіліп.

Евгения Қожалымова, Арнұр Мақсаттың анасы:

-Кеше баланың жағдайы ауырлап кетті. Дәрігерлер шұғыл түрде консилиум өткізді. Содан соң қосымша тексеру мен ем-дом жасалды. Баламның миына қан құйылғандықтан жұлынынан анализге су алды.

Дәрігерлер Арнұрды бақылауға алдық, қажетті ем-дом жасап жатырмыз дейді. Ал баласына болысып оқушыны соққыға жықты делінген №146 мектептің әлеуметтік педагогы Шынар Ілиясқызы бүгін жұмысынан босатылыпты.

Нұрғали Нұрадинов, мектеп директоры:

-Ол кісі бүгін таңертең келіп, арыз жазып, бүгіннен бастап жұмыстан босатылды. Ешқандай сөйлескен жоқпыз. Өз еркімен арыз жазды.

Евгения Қожалымованың айтуынша, алғашында білім ордасының ұжымы оқыс оқиғаны жабулы күйінде қалдыруға тырысыпты. Бірақ ашынған ата-ана полицияға арыз жазған. Тіпті педагог пен күйеуі бізге ақша ұсынып, бітімге келмеске шараң жоқ деп доқ көрсетті дейді ол. Ең сорақысы, істі тәртіп сақшыларының өзі бұра тартуға көшкен көрінеді.

Мақсат Қожалымов,  Арнұр Мақсаттың әкесі: 

-Полицияға арыз жазсам жауып тастап, менің арызымды қабылдамай, арызымды жыртып тастады.  Бұл не деген масқара! Мектепке оқуға барған баламызды мамандар ұрып, өлтіріп тастағанда ғана полицейлер қылмыстық іс аша ма?

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі

-Бостандық аудандық Ішкі істербасқармасына қарасты тергеу бөліміне екі тараптан да арыз-шағым түсуде. Екі жақтың аналары да арзы түсіріп, бір-бірінің балаларын соққыға жыққанды жауапкершілкке тартуды сұрап отыр.

Осылайша баламыз таяқ жеп қана қоймай, өзіміз де қысымға ұшырадық деген Мақсат пен Евгения барлық мәселе заң аясында шешіліп, әділдік орнағанын қалаймыз дейді. Сондықтан жергілікті полицейлерге сенбеген олар Ішкі істер министрінің өзінен араша сұрап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде