{metadescription}
Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды
Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды

Түркістан облысында тағы бір жеткіншек зорланғанын айтып шағымданды

Бұл жолы да оқиға Сарыағаш ауданында мектеп оқушылары арасында болған. 13 жастағы бала бір мектеп-интернатта оқитын өзінің құрдасы мен оның 9-шы сыныптағы ағасынан бір жыл бойына жәбір көргенін айтады. Соның салдарынан оқушы дертке шалдыққан. Бұл арсыз әрекет жайлы тәрбиешілер де білген көрінеді. 

Мектеп-интернатта көрген қорлығы жайлы бала анасына да, тіпті, туған ағасына да көпке дейін ләм демей жүрген. Тек сыныптастарының бірі бөлмедегі жайтты суретке түсіріп алып, оны өзге ұлдар арасында таратып жіберген соң ғана айтуына тура келіпті.           

Жәбірленуші:

-Жатқызып қойып, дамбалымды шешті.  Бағлан бірінші істеді , сосын екіншісі  Жасұлан істеді.  Бөлмеде айқайладым, ешкім естімеді. Коридорға шығып айқайлайын деп едім, ұрып тастады.  Айтатын болсаң, менің быт-шытымды шығарам деді.  Содан кейін айтпай жүрдім. 

Ал айыптап отырғаны өзінің ауылдастары екен. Анасының айтуынша, олардың туыстары да, мектеп басшылығы да «шу шығармайық» деп ақша ұсынған көрінеді.       

Баланың анасы:

-Ойбай,  ауылдаспыз ғой, көршілеспіз, ұят болады деді   интернаттың меңгерушісі мен  мектеп директоры. «Қанша берейік? Осы істі жаба салайық? Бәріміз қазақпыз ғой? Неменеге жан-жаққа жаясың? Жайма!» дейді. Менің баламның өмірі ғой деп ұрыстым оларға.

Ал зорлық-зомбылық былтыр қыркүйектен басталған көрінеді. Сонда бала бірден тәрбиеші ағайына айтқан. Алайда оны біз іздеп таба алмадық. Сөйтсек, ол осы айдың 10-ы күні полицияға арыз түссе, 13-і күні жұмыстан кетіп қалған. Ал мектеп басшылығы бізде мұндай жағдай болуы мүмкін емес деп қана отыр.

Талғат Ахметов, мектеп директоры: 

-Жан жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Ондай жағдай болу мүмкін емес деп  бір бөлмеде жатқан оқушылардың өздері айтып жатыр.  Ата-анасымен сөйлестік. Бітімгершілікке шақырдық. Екі жақты табыстыруға бір әрекет жасап көрдік.

Бұл іспен қазір полиция айналысып жатыр. 

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ІІД ресми өкілі:

-Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша, ол «сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер», сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен анықталуда.   

Сорақысы сол, жасөспірімнің айтқанына қарамастан тәрбиешісі биыл да ұлдарды бірге жатқызыпты.  Анасының айтуынша, осы қорлықтан соң бала үлкен дәретін ұстай алмай қалған. Оны тексерген алматылық дәрігерлер тік ішегінде жарақат барын айтыпты. Ал тыр-жалаңаш суреті оқушылар арасында тарап кеткен жасөспірімнің өзі мектепке енді мүлдем барғысы жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде