{metadescription}
Заңсыз мешіттермен күрес күшеймек
Заңсыз мешіттермен күрес күшеймек

Заңсыз мешіттермен күрес күшеймек

Алматы облысында тіркеуден өтпеген 16 Алланың үйі анықталды. Сондай-ақ, облыстың 11 азаматы шет елдегі рұқсат етілмеген оқу орнында тәлім алып жүр екен. Алайда, өңірдегі дін істері басқармасының өкілдері барлық мәселені бақылауда ұстап отырмыз деп ақталып әлек.   

Дәулет Қазыкенов, Алматы облысы дін істері басқармасының өкілі:

-Бұл барлық мекемелер тарапынан жүйелі түрде назарға алынған. Жылдың соңына дейін бұлардың мәселесі біржақты шешіледі деген жоспар бар.

Облыс көлемінде 438 мешіт заңды жұмыс істегендіктен 16 мешіттің жарасы жеңіл деген атқамінерлер, олардың тіркеуден өтпеуінің түрлі себебін айтады. Халық өз қаражатына салғандықтан бірі құрылыс талаптарына сай келмесе, бірінің жер телімі дұрыс рәсімделмеген дейді олар. Тіпті, тіркеуге алынбаған мешіттер жұмысын тоқтатсын деген бұйрық түсіпті. Алайда, құжат мәселесі шешілсе де алаңдайтын мәселе аз емес екен. Себебі, сыйымдылығы 200 адамнан асатын мешіттер лаңкестік тұрғыдан осал деп есептелінеді. Сондықтан толықтай бейне бақылаумен қамтамасыз етілуі тиіс. Онымен қоса облыстың шетелдегі рұқсат етілмеген білім ордасында оқып жүрген 11 азаматын елге қайтару мәселесі біраз әуреге салып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.