{metadescription}
Ақмола облысында белгілі композитор басқаратын мектептен үлкен шу шықты
Ақмола облысында белгілі композитор басқаратын мектептен үлкен шу шықты

Ақмола облысында белгілі композитор басқаратын мектептен үлкен шу шықты

Ақмола облысында белгілі композитор Марат Әлімжанов үлкен дауға қалды. Атақты  музыкант басқаратын ән-күй мектебінің ұстаздары одан қысым көріп жатқандарын айтып шағымданды. Тіпті, әр басқан қадамымызды аңдып, беталды  ақша жинайды дейді. Ал, еліміздің «100 жаңа есіміне» енген директор болса, мұның барлығын жала деп отыр.

Бұл Қорғалжын ауылындағы ән-күй мектебінің ұстаздары. Оқушыларға домбыра, баян, фортепианода  ойнауды үйрететін олар,  директорларына  қатты ашулы. Тіпті, музыкалық мектептің басшысы, мұғалімдерді бөліп-жарып, бізді аптасына 27 сағаттың орнына 40 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлейді дейді.

Кенжегүл Тәшенова,  ұстаз:

-Басшыға жақын ұстаздар емін-еркін келеді. Сағат 9-да жұмысқа келіп  10- да кете береді. Сабағы болса ғана келеді. Мектепте  қалатын өмірі осы 7 мұғалім. Төрт Тәшенова,  Қаратаева,  Құрманғалиева.

Мекемедегі 15 педогогтың осы 7-еуі директордың қаһарына ұшырауы бекер емес. Айтуларынша, басшылары Марат Әлімжановтың былығын жазып прокуратураға арызданған екен. Өйткені, директор жылда тамыз айында ұстаздарды әдейі жұмысқа шығармайды дейді. Сөйтіп, мұғалімдердің бір айлық жалақысын бермей, мектепке кілем, жиһаз сатып алатын көрінеді. Тіпті, әр басқан қадамымызды аңдып, заңсыз ақша жинайды дейді.

Орынбасар Тәшенова, ұстаз:

-Біздің мектепте ақша жиналады жыл сайын. Аттестация келеді. Мұалімдердің аттестациясы,  мектептің аттестациясы деп ақша жинайды. Қолымызда дәлел бар.

Ал, дауға қалған Рәбиға Есімжанова атындағы ән-күй мектебінің директоры жәй адам емес. Белгілі компазитор, «Дударай» ансамбльінің жетекшісі әрі еліміздің мақтаулы «100 жаңа есіміне» енген Марат Әлімжанов.  59 жастағы музыкант, қызметкерлерінің бұл сөзін жала деп отыр. Айтуынша, шу шығарып жүрген 7 мұғалімнің 4-еуі бір отбасының адамдары.  Сөйтіп, жанжал арқылы орынымды тартып алмақ дейді.

Марат Әлімжанов, Р.Есімжанова атындағы ән-күй мектебінің директоры:

-Өткенде бір сұрағам айналайындар- ау не болды сендерге деп? Айтады біреуі: "Мәке білесіз ғой,   сіздің орыныңызға апасын қойғысы келеді" деп қарап отыр. Сол үшін құрастырған екен.. Негізі сізге ешқандай кінәміз жоқ дейді.

-Яғни, жала жауып орыныңызды тартып алмақ па? 

-Иә, солай болып жатыр.

Әрі мекеме директоры осы даудан соң еңбек инспекциясынан тексеріс келгенін айтады. Бірақ, арызданушы ұстаздардың сөзі расталмапты.

-Осылайша,  бір-бірін айыптаған қос тарап ымыраға келе алмады. Тіпті жанжалдың   ушыға түсетін түрі бар. Өйткені «атыма кір келді» деген директор енді  ұстаздарды сотқа бермек. Мұғалімдер де қарап қалмаймыз дейді. Марат Әлімжановтың  үстінен Білім министрлігіне шағымданбақ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.