{metadescription}
Атышулы Еркін Ізбасардың жазасын өтеу мерзімі ұзартылды
Атышулы Еркін Ізбасардың жазасын өтеу мерзімі ұзартылды

Атышулы Еркін Ізбасардың жазасын өтеу мерзімі ұзартылды

Ақтөбеде атышулы «Ағайынды төртеу» ұйымының жетекшісі Еркін Ізбасарға облыстық сот тағы төрт жыл жаза қосып берді. Бұған дейін соттың алғашқы сатысында оны 12 жылға бас бостандығынан айыруған болатын.

Мұны прокурорлар азсынған. Сондықтан қарсы арыз түсіріп 12 жылдық жазаны 16 жылға дейін ұзартуды сұрады. Сотталушылар мен айыптаушы тараптың апелляциялық шағымын қараған судья, ақыры прокурорлардың талабын орындады. Еркін Ізбасар бұл үкімді ауруханада жатып тыңдады. Ал оның қалған 25 сыбайласы түрмеден онлайн байланысқа шықты. Айта кетелік, осыған дейін істі болған Еркін Ізбасар бұл жолы 13 бап бойынша айыпталған еді. Қылмыстық топ мұнай ұрлығымен айналысып, кәсіпкерлерді бопсалаған, қару-жарақты заңсыз ұстаған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.