{metadescription}
Нығматулин тендер төңірегіндегі былықтар жайлы айтты
Нығматулин тендер төңірегіндегі былықтар жайлы айтты

Нығматулин тендер төңірегіндегі былықтар жайлы айтты

Тендерге телмірген сарбаздар аштықтан әлсіреп қалады!  Мәжілісмендер әскери бөлімдердегі асханаларды мемлекеттік сатып алудан  босатуды ұсынды. Сондықтан жауынгерлерден  бөлек  оқушы, науқастарды да конкурстан тыс тамақтандыру қажет дейді депутаттар. Өйткені, байқауда жеңіп шығуды ғана  көздеген кәсіпкерлер арзан баға ұсынып,  астың сапасына мән бермейтін болып шықты.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Демпинг мәселесі. Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, бірқатар ауруханаларда, мектептерде демпингтік бағамен алынған тамақтарда ешқандай сапа жоқ. Ертең осы әскери мекемелерде осындай жағдай болуы да мүмкін. Сондықтан оны біз дұрыстап қарауымыз керек. Жаңа айтқандай, осы мекемелерде, мектептерде, әскери орындарда ешқашан демпинг бағаны қолдауға болмайды.

Яғни, «арзанның сорпасы татымайды» дейді депутаттар. Тиын-тебенге әзірленген құнарсыз астан сарбаз, оқушы мен науқастар ауру болып қалуы әбден мүмкін. Қаржы министрлігі әзірлеген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға мәжілісмендер тағы бірқатар өзгеріс енгізбек. Мәселен, қазіргі құжат бойынша  ұлттық компанияларда   тендер  әділетсіз өтсе, қатардағы қызметкерлер мен бухгалтер қылмыстық жауапқа тартылмайды. Тек тікелей басшы ғана жазаланады. Енді халық қалаулылары  жемқорлық дауы туындаса, байқауға қатысы барлардың бәрі жауапқа тартылсын дейді. Сондай-ақ, шенеуніктер «отандық өнімдерге қолдау көрестілсін» деген бапты алып тастапты. Төменгі палата бұған да келіспеді. Конкурс кезінде ең алдымен өзіміздің өндірушілердің тауарын өткізуді талап етті. Заң жобасын Мәжіліс әлі екінші оқылымда қарайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.