{metadescription}
Ақтөбеде үйлері өртке оранған тұрғындар оттың ортасынан қалай шыққандарын айтты
Ақтөбеде үйлері өртке оранған тұрғындар оттың ортасынан қалай шыққандарын айтты

Ақтөбеде үйлері өртке оранған тұрғындар оттың ортасынан қалай шыққандарын айтты

Ақтөбенің қақ ортасындағы көпқабатты үй өртенді.  Үшінші қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған от айналдырған он минутта шатырына дейін жеткен. Абдыраған тұрғындар не істерін білмей қызыл жалын алған балкондарына жүгірген. Оқиға орнына қаладағы барлық құтқару қызметі мен өрт сөндірушілері тартылды.

-Абырой болғанда тұрғындардың бәрі дін аман. От түстен кейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы осы үйдің үшінші қабатындағы балконнан  тұтанған. Санаулы минутта жалын шатырына дейін жетті.

Үйдің балкондары мен сырты пластикалық материалмен қапталған. Оттың тез тарауына бұл да себеп болды. Өрт шыққанда үйде екі жүздей тұрғын болған. Олардың көбісі не болып жатқанын түсінбей қызыл жалын алған балконға қарай жүгіреді. Не істерлерін білмей абдырағандарын айтады. Өрттің сөнгеніне үш сағаттай болса да тұрғындардың көбісі әлі өз-өздеріне келе алмай жүр. Пәтерлерінен қолдарына не түссе соны алып жүгірген.

- Өртті көріп подьезге жүгіріп шықтым. "Көмектесіңдер" деп айқайға бастым. Тек тонымды алыппын. Оны неге алғанымды бір құдай білсінші. Есесіне құжаттарым жангып кетті.

Өртті сөндіруге қаладағы барлық құртқару бөлімдерінің мамандары, өрт сөндіретін 7 көлік тартылды. Жедел жәрдем мен дәрігерлер де келді. Ауыр жарақат алғандары жоқ. Мамандар сол үйден шыққан балаларды тексертіп алып жатты. Сондай-ақ қорқып қалған тұрғындарға психологиялық кеңестер берілді. Бірнеше тұрғынның осы аламат өрттен соң қан қысымы көтерілген. Оларға дәрі-дәрмегі берілді.

Ернұр Өтегенов, Ақтөбе облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ешқандай адам қабылданған жоқ. Өздерің көріп тұрғандай жедел жәрдем  тұр. Біздің медициналық орталық тұр.   

Бір подъездің жоғарғы 6-шы  қабатындағы пәтердің барлығы қазір жарамсыз. Отты сөндірген кезде төменгі қабаттағы пәтерлерді де зақымданған. Қанша тұрғынның баспанасыз қалғаны, қанша пәтердің жарамсыз болып қалғанын комиссия тексеріп жатыр. Оқиға орнына аймақ басшысы да қарамағындағы қызметкерлерін алып жеткен еді. Олар тұрғындарға барлық жағдайды жасаймыз деп уәде беріп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде