{metadescription}
Оралда сабақ үстінде отырған 15 оқушы мен мұғалім ауруханадан бір-ақ шықты
Оралда сабақ үстінде отырған 15 оқушы мен мұғалім ауруханадан бір-ақ шықты

Оралда сабақ үстінде отырған 15 оқушы мен мұғалім ауруханадан бір-ақ шықты

Мәліметтерге қарағанда, балалар мен олардың ұстазы  газдан уланып қалған.

300-ге жуық оқушы дереу далаға шығарылды.  Ал уланып қалғандар  бір сыныптың ішінде отырған екен. Дәлізден кірген иісті сезген бойда өздерін нашар сезініпті. Сабақ үстіндегі жайтқа мектеп басшылығы аң-таң. Айтуынша, білім ошағына газ тартылмаған. Ауруханаға түскендерге белгісіз химиялық заттан уланды деген диагноз қойылды. Оқушылар үйлеріне жіберілсе, мұғалім әлі ем-дом қабылдауда. Қазір оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.

Мақсұт Ғалиев, №40 жалпы орта мектебінің директоры:

-Қазіргі таңда ешқандай иіс жоқ. Бірінші ауысымның жетінші сабағы өткізілді, қазір екінші ауысымның оқушыларын қабылдауға дайындалып жатырмыз.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде