{metadescription}
Біртановтың  рецептісіз дәрі сатылмайды деген бастамасына қарсы шыққандар  табылды
Біртановтың  рецептісіз дәрі сатылмайды деген бастамасына қарсы шыққандар  табылды

Біртановтың рецептісіз дәрі сатылмайды деген бастамасына қарсы шыққандар табылды

Рецептісіз дәрі сатылмайды деген Денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесінен кейін дәріхана иелері даурыға бастады. Бас пайдасын ойлаған провизорлар ведомствоның бұл бастамасын құптамай отыр. Тұрғындардың да  бас ауырып, балтыр сыздай қалса міндетті түрде дәрігерге жүгінуге тура келеді ме деген көкейлерінде сауал көп. Ал министр Елжан Біртанов бұл шектеу тек антибиотиктерге қатысты екенін айтты.

Денсаулығы сыр бергенде адамдардың көбі ең алдымен дәрігерге емес, дәріханаға жүгіретіні жасырын емес. Алайда, 2020 жылы рецептісіз дәрі сату тоқтатылса, ауырып жаны қиналғандар жедел жәрдем немесе ақ халаттының нұсқауынсыз дәрі-дәрмекке қол жеткізуі қиындауы мүмкін. Жаңа талап күшіне енсе, пайдадан қағылатынын сезді ме, әйтеуір провизорлар заңның тиімсіз тұстарын жіпке тізді.

Гүлжәмила Төлегенова, провизор:

-Кеш келетін адамдар бар. Олар дәрігерден рецепт алып үлгермейді. Наразылықтарын білдіріп, қиналып тұрғандарын айтады. Оған халық әлі үйренсіп жатқан жоқ. Ауру айтып келмейді ғой. Аяқ астынан келеді. Барлығы емханаға жүгіріп бара алмайды ғой.Бірден дәріханаға келеді.

Еліміздегі дәріханаларда рецептісіз гормоналды препараттар, құрамында есірткі және психотропты заттары бар дәрілерді еркін саудаланбауы керек деген тыйым заңда тайға таңба басқандай жазылған. Алайда, бұл талаптарды пысқырмай, пайдаға құныққан провизорлар қаптады. -дейді қоғамдық ұйым мүшелері.

Бақыт Түменова, Аман-саулық қоғамдық қорының президенті:

-Адамдар бүгінде өздігінен емделетін болды. Ал, дәріханалардың көбі пайданы ойлап, сұраған дәріңізді қолыңызға ұстатады. Бақылау жоқ. Ол препараттан емделушінің ауруы асқындырып, оған кері әсер етуі ықтимал. Сондай-ақ, жаңа заң елімізде қандай аурулар дендегенін монитиронг арқылы анықтауға көмектеседі.Қажетті дәрілерге тапсырыс беруге де ыңғайлы.

Алайда, бүгінгі қоғамда дәрігердің кеңесіне күмәнмен қарайтындар көбейді. Пайдасы мен залалы қатар тиетін антибиотикті өзі таңдап, үйінде емделуге еті үйренген халықтың фармацевтика саласындағы өзгеріске деген пікірін білген едік.

-Бір жағынан дұрыс рецептпен берген. Өйткені әркім дәрілерді қалай болса, солай алып жатыр ғой.

- Жедел жәрдемді  қажет болған кезде шақырдық. Олардың көп дәрілері жоқ. Кетонал салады да кете береді.

-Жедел-жәрдем қызметкерлеріне ең қажетті дәрі-дәрімектерді алып жүру міндеттеле ме, ол жағы әзірге белгісіз. Жалпы, 2020 жылы күшіне енетін заң әлі шикі. Жаңа талаптар аясында атқарылар жұмыстар да шаш етектен. Мамандар ең алдымен жүгенсіз кеткен дәрінің бағасын реттеп, дәріханалардың жұмысын қатаң бақылауға алуды ұсынды. Олар министр заңды енгізбес бұрын фармацевтика саласындағы қордаланған мәселелерді ескерусіз қалдырмауды сұрайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде