{metadescription}
Ресей Қазақстанға жанармайды экспортқа шығаруға рұқсат берді
Ресей Қазақстанға жанармайды экспортқа шығаруға рұқсат берді

Ресей Қазақстанға жанармайды экспортқа шығаруға рұқсат берді

Елімізде бензин тапшылығы болуы мүмкін! Өйткені, Қазақстан бұдан былай жанармайды тонналап экспортқа шығарғалы жатыр. Еліміз үшін шетел нарығына жол ашатын маңызды құжатқа бүгін Ресейде қол қойылды. 

-Бұл келісім Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік береді. Өйткені, Ресей тарапы 2009 жылдан бері   оған эмбарго, яғни,шектеу қойып келген. Оған себеп жоқ емес. Өйткені, елімізде тапшылық болған соң, бензинді ұзақ жылдар бойы осы Ресейден арзан бағаға тасымалдап келді.

 Бірақ, ондағылар төмен бағамен берілген жанармайды Қазақстан басқа елге қымбатқа сатып жібермесін деген қауіппен, экспорт жасауға шектеу қойып келген. Енді жағдай 180 градусқа өзгерді десек болады. Яғни, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өткен соң, бензин өзімізде де артығымен шығарылып, тіпті, қоймаларда толып тұр. Сондықтан Қазақстан экспортқа тыйым салатын келісімнің күшін жойды.

ҚР Энергетика министрлігі:

-Келісімге Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрлері Қанат Бозымбаев пен Александр Новак қол қойды. Жаңа құжат қос мемлекет арасындағы мұнай өнімдерінің саудасын реттейді. Әрі Қазақстан өз өнімін Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге экспорттауға мүмкіндік алды.

-Түсінікті, бензиннің шетелге кетуі енді елімізге қалай әсер етуі мүмкін? Қымбатшылыққа не болмаса тапшылыққа әкелуі мүмкін бе?

Мұны сарапшылардан сұраған едік. Олар жанармай жетіспеушілігі бола ма деп қауіптеніп отыр. Өйткені, көрші елдерде баға бізден қарағанда әлдеқайда қымбат. Сондықтан көбірек пайда табу үшін кәсіпкерлер бензинді сыртқа тасуға тырысады дейді.

Сергей Домнин, экономист сарапшы:

-Ал, бензин бағасы әзірге осы қалпында сақталуы тиіс. Бірақ, 2025 жылға қарай қымбаттайды. Өйткені, сол кезден бастап Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында жанармай бағасы біркелкі болады. Ал, қазір Ресейде баға қымбат екені белгілі.

Яғни, сарапшылар онсыз да аспандап тұрған бензин құны өспесе, түсе қоюы екітай дейді. Ал, мұнай өнімдерін экспорттаушы елге айналған Қазақстан 400 мың тоннадан астам алғашқы партияны жақында Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне жолданады деп болжануда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.