{metadescription}
Алматылықтар автобусты жолдың ортасына шығып тоқтатуға мәжбүр
Алматылықтар автобусты жолдың ортасына шығып тоқтатуға мәжбүр

Алматылықтар автобусты жолдың ортасына шығып тоқтатуға мәжбүр

Автобус аялдамаcы жоқ! Алматының орталық көшелерінде қоғамдық көлік тоқтайтын жер атымен жоқ. Соның салдарынан тұрғындар автобусты көрінген жерде тоқтатып, тіпті жолдың ортасына дейін шығып күтуге мәжбүр. Аялдаманың жоқтығынан қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушы қаптап тұрса да тоқтауды міндет санамайды.

Алматының орталығындағы Мақатаев, Қалдаяқов, Жібек жолы көшелелерінің бойында қоғамдық көлік аялдайтын орын қарастырылмаған. Жұмыстан, оқудан шыққан жұрт, әсіресе, таңғы және кешкі уақытта автобусқа қайдан мінерін білмей, қарақұрым боп тұрады. Арнайы орынның болмауынан жүргізушілер де ыңғайы келмесе тоқтамай өте шығады.

Татьяна Яхонтова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мына Жібек Жолы көшесінен Мақатаевқа дейін аялдама жоқ. Автобусты тоқтату үшін жолдың бойына шығып тізіліп тұрамыз. Бұнымыз басқа жүргізушілерге де кедергі жасайды. Кейде автобус тоқтамай өтіп кетеді. Арттарынан қуалап жетуге тура келеді.

Осының салдарынан жұрт амалсыз бірнеше шақырымды жаяу жүреді. Ал асыққандары такси ұстап шығындалады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл көше бойында арық жасалған. Тұрғындар одан өту үшін аттап немесе секіріп барып автобусқа отырады. Әсіресе, бұл қарттар мен балалы жолаушыларға қиын. Халық бұған дейін осы мәселені жазып талай әкімдікке шағымданған. Алайда ондағылар мәслені келесі жылға ысырып отыр.

Шыңғыс Байқадамов, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

-Жібек Жолы Қалдаяқов көшесінде қазіргі кезде 9 автобус бағыты жүріп өтеді. Және екі автобустың соңғы аялдамасы бар.  Келесі жылы жоспар бойынша аялдамалар үлкейтіліп, жаңа аялдамалар салынатын болады.

Оған дейін жолаушылардың осылай жол азабын тартуына тура келеді. Себебі, әкімдіктегілер аялдама құрылысының нақты қай кезде басталатынын дөп басып айта алмады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде