{metadescription}
Геннадий Головкин елімізде кәсіпқой бокстың дамуына мүлдем жағдай жасалмағанын қынжыла айтты
Геннадий Головкин елімізде кәсіпқой бокстың дамуына мүлдем жағдай жасалмағанын қынжыла айтты

Геннадий Головкин елімізде кәсіпқой бокстың дамуына мүлдем жағдай жасалмағанын қынжыла айтты

Талантты спортшыларды іздейді! Бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен гүрзі жұдырық отандасымыз Геннадий Головкин GGG  промоушеніне қазақстандық боксшыларды қабылдайтынын айтты. Алайда былғары қолғап шеберінің қазақ спортшыларына қояр өз талабы бар.

Атағынан ат үркетін боксшы Геннадий Головкинді алматылық жанкүйерлер құшақ жая қарсы алды. GGG-дің жүзін көріп, қолтаңба алуға келгендердің қарасы мол. Мұндай мүмкіндік күнде туа бермейтінін түсінген жас өрендер чемпионмен суретке түсіп әлек.

Жанкүйерлерге алғысын жаудырған Головкин баспасөз мәслихатына көңілді кірді. Соңғы жекпе-жегінде жеңілістің ащы дәмін татқанымен,  қолғабын шегеге ілуге асықпайды екен. Еңсесін де еш түсірмепті. Жарқын жеңістерімен қазақстандықтарды әлі талай қуанту үшін аянбай тер төкпек.

Геннадий Головкин кәсіпқой боксшы:

-Жоспарларым көп. Мықты қарсыластар жеткілікті. Бұл мәселені кейін шешеміз. Спортты қай жасымда аяқтайтыным әзірге белгісіз. Кәсіпқой бокс спорттың қауіпті түрі. Кез келген жойқын соққы тағдырыңды шешуі мүмкін.

Головкиннің командасында бүгінде Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев сынды болашағынан үлкен үміт күттіретін екі қазақстандық боксшы жаттығады. Гүрзі жұдырық отандасымыз GGG промоушеніне талантты қазақтың қара домалақтарын шақырып, талабын ұштауға дайын. Алайда, команда сапына қосылатын спортшыға қоятын шарты бар.

Генадий Головкин кәсіпқой боксшы:

-Бір-екі жыл спортпен айналысып жүрген боксшыларды промоушініме қабылдамаймын.Олардың тәжірибесі болу керек. Себебі мен командамдағы әр спортшының денсаулығына жауаптымын. Дарынды жас боксшыларды тауып, дамыта аламыз деп ойлаймын. Ісімізді бастап қойдық. Жігіттер чемпион болу үшін тынбай еңбектену керек.

Төрткүл әлем көз тіккен Альварес пен Головкиннің екінші айқасы қазақстандық жанкүйерлер күткендей аяқталмағаны рас. Жауапты жекпе-жегінен кейін «GGG-ге дұрыс бағыт-бағдар бермеді» деп бапкер Абель Санчес те сынға іліккен еді. Соған қарамастан, Головкин тәжірибелі жаттықтырушымен қоштасуға түбегейлі қарсы.

Генадий Головкин, кәсіпқой боксшы:

-Санчес менің командама келген боксшыларды жаттықтырады. Америкалық маманмен санасу қажет. Бапкердің тәжірибесі мол.Кәсіпқой бокстағы ұзақ уақытта түйгені мен білгені ұшан-теңіз. Біз бірлесе жұмыс істеп, жастарға көмектесеміз.

-Шаршы алаңда талай мықтын шаң қаптырған Геннадий Головкин елімізде кәсіпқой бокстың дамуына мүлдем жағдай жасалмағанын қынжыла айтты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кәсіпқой боксшы күш салуды жоспарлаған. Болашақта көк туымызды әлемдік аренада желбірететін боксшыларға ақыл-кеңесін аямай, демеу көрсетпек. Үлкен спортқа бет бұрған жастарды чемпион болу үшін талай мықтыны тізе бүктірген чемпиондардан тәлім алып, аянбай еңбектенуге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде