{metadescription}
Ақтөбелік мұғалімдер сыйлық алудан бас тартты
Ақтөбелік мұғалімдер сыйлық алудан бас тартты

Ақтөбелік мұғалімдер сыйлық алудан бас тартты

Ақтөбелік мұғалімдер кәсіби мерекелерінде сыйлық алудан бас тартып жатыр. Бас амандығы мен құлақтың тыныштығын ойлаған ұстаздар үндеулерін әлеуметтік желілерде таратып әлек. Дегенмен, ата-аналар арасындағы белсенділері сыйлық үшін ақша жинауларын қояр емес. Мұның арты сөз болып, кесірі өзімізге тиеді дейді педагогтар. Айта кетейік, елімізде мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Яғни ол биыл 7-ші қазанға сәйкес келіп тұр. 

Осы роликті ақтөбелік мұғалімдер ата-аналардың әлеуметтік желідегі топтарына таратып жатыр. Себебі, мерекелерінде сый дәметсе де алуға құқығы жоқ. Кесірі өздеріне тиеді. Ата-аналардан ақша жиналған жерде айқай болады. Сондықтан құлақтың тыныштығы мен бастың амандығы керек дейді ұстаздар.

Толқын Алматова, мұғалім:

-Ата-аналар тарапынан мұндай сыйлық алып келу болады деп ойламаймын. Өйткені барлық ата-ана толық түсіндірілді. Алып келіп жатқан жағдайда біз қабылдамаймыз.

Ата-аналар арасындағы тым белсенділері тыйымды елер емес. Оларға қарсы шыққандары баласының қатарынан қалып қоярына алаңдайды. Ақша жинауға сол үшін амалсыз көнеді. Сыйға қатысты ойлары да екіге жарылған.

-Мұғалімдерге сыйлық беру артық болмайды еш уақытта. Балаларды, болашақ азаматтарды сауаттандырып, тәрбиелейтін оқытушылар.

-Қазір деген өзі жетпейтін затты мұғалімдерге таратамыз, тағы басқаларына таратамыз. Неміз қалады?

Құны он екі мың теңгеден асқан сыйды алған ұстаз жауапкершілікке тартылады екен. Онда да ата-анамен алдына ала келісіп алса. Одан арзан тарту берілсе де жазасыз қалмақ емес.

Ербол Толыбаев, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы: 

-Сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлік, мүлік сипаттағы қызмет алу еңбек кодексімен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қазір мұғалімдер бір тал гүл берсең де қорқа қарайды. Олар сый орнына ата-аналардан ең бастысы өз баласының тәртібі мен оқуын үнемі қадағалауды ғана сұрап отыр.      

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.