{metadescription}
Еріктілер қарияларға қолдау көрсетті
Еріктілер қарияларға қолдау көрсетті

Еріктілер қарияларға қолдау көрсетті

Семейде қайырымдылық керуені жағдайы төмен қарияларға атбасын бұрды. Жергілікті еріктілер оларға жұрттан жиналған қаражатқа дорба толы азық-түлік жеткізіп берді.

Олар күнделікті тұтынатын тамақты түгелдей сатып алуға тырысқан. Бұл жолы мұндай сыяпатқа аса мұқтаж он қария ие болып отыр. Әйтседе, еріктілер бұл қарттарды өздерінен көмек сұрағандардың арасынан іріктеп алған. Себебі, бүгінде оларға алақан жаятындардың қатары көбейген екен. Алайда, барлығының өтінішін орындау мүмкін еместігін айтады. Өйткені, еріктілердің өзіне қаражат жағынан қайырымды азаматтардың қолына қарап отыр. Дегенмен, олар мұндай игі шараны алдағы уақыттада жалғастырмақ ниетте.

Руслан Жазыбаев, «Үміт бар» қоғамдық қорының еріктісі:

-Біз бұл бастаманы алдағы уақыттада жалғастырамыз. Қоғамда жүріп- тұра алмайтын мүгедектер бар. Олардың кейбіреуі, көмекке мұқтаж. Сондықтан, қазір қайырымды кәсіпкерлерді іздестіріп жатырмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде