{metadescription}
Алматы облысының тұрғындары болашақта ауру ошағынан өнген өнімді жеуі мүмкін
Алматы облысының тұрғындары болашақта ауру ошағынан өнген өнімді жеуі мүмкін

Алматы облысының тұрғындары болашақта ауру ошағынан өнген өнімді жеуі мүмкін

Өйткені күйдіргі дертінен өлген мал көмілген жердің маңына агроөнеркәсіп кешені салынуда. Ал жергілікті билік өкілдері қожалықтың құрылысына кімнің рұқсат бергенін білмей дал. Тіпті ветеринария басшылары да бұл жайдан хабарсыз көрінеді. 

Бұл жер қауіпті кеселден өлген мал көмілген аумақ. Сырты металл тормен қоршалып, тақтайшаға «Абайлаңыз, Сібір жарасы» деген жазу жазылған. Осыдан-ақ, бұл аумақтың адам өміріне  қаншалықты қауіпті екенін аңғаруға болады. Алайда осы маңнан 300-400 шақырым қашықтықта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әкімдіктегілердің айтуынша, мұнда жергілікті фермер агроөнеркәсіптік кешен салуда. Құрылыс басшылары бұл жайлы әкімдікке ескерткенімен, ешқандай құжаттарын көрсетпеген. 

Жан Құраметов, Жаңашар ауылдық аймағының әкімі:

-Бізге айтуы бойынша, сол форельді өсіру қожалығын ашу керек болатын. Бірақ оны ашқан жоқ. Шаруашылығын, құжатын рәсімдеп жатыр өйткені. Рәсімдеп біткеннен кейін бізге келіп ақылдасып, айту керек болатын. Біз ары қарай аудан әкіміне барып кәсіпкерлік бөлімінде ақылдасу керек болатынбыз. 

Осылайша ауыл басшылығы қожалықтың құрылысы жайында бірде-бір рұқсат қағаздарын алмағанын алға тартты. Тіпті оның бизнес-жоспарын да көрмедік дейді. Ал облыстық ветеринария басқармасындағылар агрооөнеркәсіп кешенінің салынып жатқанынан мүлдем бейхабар. Ондағылар тек күйдіргі қаупі бар аумаққа кез-келген шаруашылық жұмыстары қатаң тыйым салынады дегенді алға тартты. 

Нұртас Қиялбеков, Алматы облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы сібір жарасының ошақтарынан 1000 метр ара қашықтықта құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Бұл бұйрықтарымен бекітілген.

Ал Алматы облысында күйдіргіден қырылған мал көмілген 271 қорым бар. Оларды қоршап, белгі қойып қоюға бюджеттен 132 млн теңге жұмсалған. Тұрғын үй немесе шаруа қожалығын саларда жер телімінің ауру ошағынан қаншалықты алыс екенін ескерген жөн.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.