{metadescription}
Ақышев индексация жасаудан бас тартты
Ақышев индексация жасаудан бас тартты

Ақышев индексация жасаудан бас тартты

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорындағы қаржыны құнсызданудан қорғамайтын болды. Депутаттар азаматтардың  «қартайғанда  қажет болады» деп жинап жүрген  ақшасын индексация жасауды ұсынған еді. Данияр Ақышев  бұған  түбегейлі қарсы екенін хабарлады. Бас банкир мәжілісмендердің  талабы тәуелсіздігіміздің қағидаларына қайшы  деп отыр.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Қазақстанда макроэкономикалық және әлеуметтік параметрлер тек теңгемен есептеліп, теңгемен бекітіледі. Индексация да бюджет пен инфляцияға қатысты жасалады. Қордағы қаржыны доллар бағамымен байланыстыру - тәуелсіздігіміздің қағидаларына қайшы.

Депутаттар Ақышевқа  «Зейнетақы қорындағы  қаржы құнсызданып барады» деп бір ай бұрын сауал жолдаған. Бас банкир соған жауап қайтарды. Сонымен, Ұлттық банк төрағасының уәжі мынадай: қордағы ақшаны доллар  бағамына  байланыстыру – саяси қателік. Яғни депутаттардың талабы мүлдем қисынға келмейді. Тіпті, Ақышев жазбаша жауабында мәжілісмендерге елімізде әлеуметтік төлемдердің қалай және қай валютамен есептелетінін түсіндіріпті. Зейнетақы қорындағы қаржы, ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, әлеуметтік төлемдер тек теңгемен белгіленеді. Оған өзге валютаның қатысы болмауы керек дейді Бас банкир. Сондай-ақ, ол зейнетақы қорындағы қаржыға мемлекеттің тікелей жауап беретінін айтқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде