{metadescription}
«7-20-25»: Назарбаевтың сынынан кейін шенеуніктер алғашқы жарнаны төлеп беруге даяр
«7-20-25»: Назарбаевтың сынынан кейін шенеуніктер алғашқы жарнаны төлеп беруге даяр

«7-20-25»: Назарбаевтың сынынан кейін шенеуніктер алғашқы жарнаны төлеп беруге даяр

Сыннан кейінгі сабылыс. Президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жолдауында «7-20-25» бағдарламасының өгіз аяңмен жылжып жатқанын айтқан болатын. Арада үш күн өтпей «Баспана» ипотекалық ұйымы жыл соңына дейін 50 мың адамға 1 млн теңгелік сертификат тапсырылатын хабарлады.

Айлығы шайлығына жетпей жүрген бюджеттік сала қызметкерлері сертификат алса, баспананың алғашқы жарнасын төлеуі жеңілдемек. Оны кімге, қанша сома көлемінде үлестіру қала және облыс әкімдіктерінің құзырында. Бірінші кезекте мұғалім, дәрігер, полицейлердің өтініші қаралады. «7-20-25» сертификатының орташа номиналы 1 млн теңге. Қайтарымсыз және қарыз принципі бойынша беріледі. Айта кетейік, елбасы осы бағдарламаның іске қосылуымен бар-жоғы 2 мың өтініштің қабылдануына жергілікті атқамінерлердің салғырттығы себеп екенін алға тартты. Сын шынында қамшы болды ма, небәрі екі күннің ішінде ипотекалық ұйым жаңа бағдарлама ойлап тапқан. Бірақ, бір ескеретіні әкімдіктегілердің бюджетінде биылға сертификатқа бөлінетін арнайы ақша қарастырылмаған. Оны шешу мәселесі де солардың мойнында.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы:

-Осы айдың ішінде осы сертификаттар беріледі деген өзіміздің жоспарларымыз бар.   "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы жарнасы 20 пайыз болады.  Сол 20 пайыздың 10 пайызы көмек ретінде берілетін болса, 10 пайызын несие алушы өзі төлеуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде