{metadescription}
Ақтөбе облысында балық аулауға барған ауыл мектебінің директоры досымен қоса суға кетті
Ақтөбе облысында балық аулауға барған ауыл мектебінің директоры досымен қоса суға кетті

Ақтөбе облысында балық аулауға барған ауыл мектебінің директоры досымен қоса суға кетті

Олардың өлі денесін сүңгуірлер төрт күн дегенде әрең тапқан. Марқұмдардың жоғалып кеткенін ең бірінші ауылдасы біледі. Сол күні су қоймасына демалысқа барған мектеп директоры оған хабарласып, су жеткізуін сұрайды. Ол жеткенде жағада көлігі ғана қалған.

Алға ауданына қарасты Қарақұдық ауылының тұрғындары төрт күннен бері осында жүр. Елді мекендегі орта мектептің директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетовтің жоғалғанын естіген бойда бәрі осында жеткен. Ол сенбі күні досымен тоғанға балық аулауға келеді. Соңғы рет ауылдасының су жеткізуін сұрайды. Ол келгенде жағада көлігі тұрады. Ал күртешесі су бетінде қалқып жатқан.

Исатай Ержанов, жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

-Қайығы сосын үстіне киген киімі табылды бір адамның. Түнімен іздеу жұмыстары жағада жүргізілді. Одан кейін жексенбі күні жарық түскеннен бастап сүңгуірлер су астын тексере бастады.

31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағанбетов бұл ауылдағы мектепке бір жыл бұрын директор болып тағайындалған. Демалыс күні Ақтөбеде тұратын досы балық аулауға шығуға қолқа салыпты. Суға жүзе алмайтынын айтып бас тартқан екен. Әйтсе де, досының көңілін жықпай су қоймасына келеді.      

-Жоғалған екі адамды іздеуге аймақтағы барлық сүңгуірлер мен кинологтар тартылды. Олар бұл маңды төрт күн бойына шолып шыққан еді. Әйтсе де, аман-есен табылады деген үміттері ақталмады.

Қос достың өлі денесі су қоймасының түбінен табылды. Құтқарушылардың сөзінше ау салмақ болғанда қайықтары ауып кеткенге ұқсайды. Мектеп директорының жанында болған досы Нұржан Маханов Ақтөбедегі «Чайка» бессейінінде күзетші екен. Олар барған су қоймасының табаны терең, жеті метрге жетеді. Сондықтан мәйіттерді іздеуде сүңгуірлерге қиын болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде