{metadescription}
Қол мен аяғынан айрылған жігіт алтыннан алқа тақты
Қол мен аяғынан айрылған жігіт алтыннан алқа тақты

Қол мен аяғынан айрылған жігіт алтыннан алқа тақты

Жеңіске жеткізген жігер. Индонезиядағы параойындарда қазақстандық жүзгіш Ержан Сәлімгереев алтынды қанжығасына байлады. 28 жастағы жігіт бұл жетістікке бір аяқ пен қолсыз жетті.

Тоғыз жасында тоққа түсіп, қол мен аяғынан айырылған жігітті тағдыр сынағанмен, мұқалтып, жігертін тұқырта алмаған. Өмірге деген құштарлық оны спорттың шыңына жетеледі. Күні кеше Джакартада 100 метрге жүзуден өзгелерден оқ бойы озып, көк туымызды көкке желбіретті. Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды. Естеріңізге салайық, дәл осы додада тағы бір отандасымыз Сиязбек Далиев 50 метрді бір қолсыз 37 секундта жүзіп, алтыннан алқа тақты. Параойындарда Қазақстан атынан 91 мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.