{metadescription}
Сапарбаев отыратын ғимаратқа көлігімен басып кірген кәсіпкер өтемақымен құтылды
Сапарбаев отыратын ғимаратқа көлігімен басып кірген кәсіпкер өтемақымен құтылды

Сапарбаев отыратын ғимаратқа көлігімен басып кірген кәсіпкер өтемақымен құтылды

Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратына көлігімен кіріп барған кәсіпкер 3 миллион теңгеден асатын өтемақы төлейтін болды. 53 жастағы Бауыржан Анапиннің шенеуніктерге келтірген шығыны осыншама ақшаны құрайды екен.

Көктемде әкімдік есігінің быт-шытын шығарған оны мемлекеттік қызметкерлер сотқа берді. Ішімдіктен ұрттап алған алған кәсіпкер алдымен ғимарат алдында тұрған шенеуніктердің қымбат қызметтік көлігіне соғып, жол сақшыларынан қашып кетпек болады. Сол бойда құтылмасын білген ол көлігімен тас баспалдақтан көтеріліп, әкімдікке кіріп барады. Осынау шығындар үшін 3 миллион 262 мың теңгені шенеуніктер талап еткен. Сот та шағымдарын толық қанағаттандырды. Бұған дейін Бауыржан Анапин мас күйінде көлік айдағаны үшін 5 жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, он күн абақтыда отырған еді.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Ақтөбе облысы әкімінің аппараты Анапиннен материалдық зиянды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды. Жауапкерден талап қоюшы 3 млн 362 981 теңге көлемінде материалдық шығын және 97 889 теңге мемлекет пайдасына баж салығы өндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.