{metadescription}
Астаналық үлескерлер Сұлтановпен кездестіруді талап етті
Астаналық үлескерлер Сұлтановпен кездестіруді талап етті

Астаналық үлескерлер Сұлтановпен кездестіруді талап етті

Астанада ашынған үлескерлер  жаңа әкіммен кездесуді талап етті. Жеті жылдан бері баспанаға жете алмай, далада қалған жұрт қатты ашулы. Үлескерлер Елорданың жаңа басшысы Бақыт Сұлтановтан сыртқа шығуын талап етіп, тура әкімдік ішінде айқайға басты.   

Бірақ бұдан Сұлтанов кабинетінен шыға қоймады. Ал шулаған жұртқа басу айтпақ болған  шенеуніктер әкімнің жиналыста екенін айтып ақталды.

Жиналғандардың барлығы «Азбука жильядан» алданғандар. Адамдардың  ақшасын  жинап алып, құрылысты аяқсыз қалдырған компания басшысы экс-депутат  Ерқанат Тайжанов әлі  шетелде бас сауғалап жүр. Әкімдік сол бітпей қалған баспаналарды  «Орда инжеринг» фирмасына берген еді. Алайда бұл мекеме де мандытпады. Екі жылдан бері  өзгеріс жоқ. Енді үлескерлер бітпеген тұрғынүй кешендерін басқа компанияға беріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салуды талап етуде.

Гүлжауһар Жүнісбекова, үлескер:

-Ордабай деген кім соншалықты? Осы елдің бәрін жылататындай? Бізді далаға жетім қылып жіберді ғой әрбір жеген адамның  арқасында.  Адамның жанайқайын кім тыңдайды? Міне, әкімдер отыр өз бөлмесінде. Хорошун да босатсын орнын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде