{metadescription}
Депутат "7-20-25" бағдарламасын сынға алды
Депутат "7-20-25" бағдарламасын сынға алды

Депутат "7-20-25" бағдарламасын сынға алды

Енді "7-20-25" бағдарламасы бойынша тек жаңа үйлер ғана емес, ескі пәтерлер де сатылуы мүмкін. Бүгін депутаттар  жұртты баспанамен қамтуы тиіс бағдарламаға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. 

Бахтияр Мәкен, мәжіліс депутаты:

-7-20-25 бағдарламасы толық іске аспай тұр. Өйткені, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерді о баста үлескерлер сатып алып қойған. Яғни, жаңа кешендерде баспана жеткіліксіз. Әрі таңдау жоқ. Сондықтан пайдалануға берілгеніне үш жылдан аспайтын тұрғын үйлерді де бағдарламаға қосуды сұраймыз.

Яғни депутаттар 2015-жылдан бергі үйлер "7-20-25"-пен сатылатын болса, тұрғындардың қызығушылығы арта түседі дейді. Өйткені, нарықтағы үш жылға дейінгі баспаналардың кез-келгенін сатып алса болады. Ал, қазір "7-20-25" бойынша берілетін үйлер шектеулі болғандықтан бағдарламаға деген жаппай сұраныс жоқ дейді депутаттар. Осы уақытқа дейін шаршы метр алуға небары 1600-ден астам өтішін мақұлданып, 20 миллиард теңгеден астам ипотекалық несие берілген.

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде