{metadescription}
Өзбек жүргізушілері қазақ шекарасындағы былықтарды жайып салды
Өзбек жүргізушілері қазақ шекарасындағы былықтарды жайып салды

Өзбек жүргізушілері қазақ шекарасындағы былықтарды жайып салды

Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі үшін жүргізушілер кеден қызметкерлерін кінәлады. Өзбекстандық жүргізушілердің айтуынша, шекарада мәселе ақшасыз шешілмейтін көрінеді.

Ғұлам Махмадәлі; жүк көлігінің жүргізушісі:

-Мысалы, мына кептелісте тұрғанымызға 4 күн болды. Ал, егер 300 доллар берсең 20 минутта өтесің. Бұл туралы барлық жүргізушілер біледі. Бірақ бір тиын бермей өтетін жерге қыруар пара беруге қалтамыз көтермейді. Сондықтан, кезегімізді күтіп бірнеше күндеп тұруға мәжбүрміз.

Жүргізушілердің айтуынша оңтүстіктегі әр кеден бекеті алдында бірнеше шақырымдық кептелістің қалыптасқанына жылға жуық уақыт болған. Мысалы, мына «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекеті алдында 6-7 шақырымдық кептеліс үзілмейді. Артық салмақты сылтауратқан кеденшілер  мөлшерден тыс уақыт тексеріп, мазаңды алады дейді жүк тасымалдаушылар. Ал, мемлекеттік кірістер департаментіндегілер болса мұның бәрін жоққа шығарады. Бұл жағдайды Өзбекстанмен арадағы тауар айнылымының артқанымен байланыстырады. Ал, күнгейлік кеденшілер пара алмақ түгілі бекеттерде шамадан тыс көлік өткізіп жатыр деп ақталады.

Марат Құлакеев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы:

-Әр кеден бекетінде сенім телефондары орнатылған. Пара алу болмаса өзге де шағымдар бойынша бізге шағым түсірсе болады ғой. Ал, бізге ондай ешқандай шағым түскен емес.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.