{metadescription}
Ресми Астана ет пен жұмыртқаға шектеу қойған Бішкектің әрекетіне жауап берді
Ресми Астана ет пен жұмыртқаға шектеу қойған Бішкектің әрекетіне жауап берді

Ресми Астана ет пен жұмыртқаға шектеу қойған Бішкектің әрекетіне жауап берді

Қырғыз Республикасының  еліміздің Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тауық еті мен жұмыртқасын кіргізуге  қойған шектеулері негізсіз!   Осындай мәлімдеме жасаған  Ауыл шаруашылығы министрлігі  көрші елдің үкіметіне арнайы хат жолдамақшы. Айтуларынша,  бұл екі облыста қазір қырғыздар қорқатындай еш мәселе жоқ. 

Алатау бөктерінде  үй құстарының ауыруы  соңғы он жыл бойы  мүлде тіркелмепті. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында  тауықтардың Ньюкасл деген дертке шалдыққаны рас. Алайда, бұл өңірде  тиісті санитарлық шаралар толыққанды атқарылып, жарияланған карантин өткен айда- ақ біткен. Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана Қырғыз Республикасы Қазақстанның екі облысынан құс  өнімдерін тасуға тыйым салған еді. Дәл осындай шектеу Ресей тарапынан да бар.  Қазақстан да Ресейдің 55  фабрикасынан  құс тұмауына байланысты  ет пен жұмыртқа тасуға шектеу қойыпты.

  Тұрсын  Қабдолданов , АШМ  ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары: 

-Қырғызстан ветеринарлық қызметінің Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан тасымалға шектеу қойғаны негізсіз. Өйткені Еуразиялық одақтың комиссиясының  шешімі бойынша алдын ала ақпарат берілуі   керек болатын  өкілетті органдар біздің комитетке . Олардың өзінің сайтында жарияланғаны ол негізсіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде