{metadescription}
Ақтөбеде оқушыны сабаған полицей қызметінен қуылды
Ақтөбеде оқушыны сабаған полицей қызметінен қуылды

Ақтөбеде оқушыны сабаған полицей қызметінен қуылды

Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушыны соққыға жыққан тәртіп сақшысы қызметінен қуылды. Онымен қоса баланы ұрып жатқанын көре тұра араша түспеген мектеп директорының орынбасарын да жұмыстан шығарып жіберген.

Білім ошағындағы тәртіпке жауапты инспектордың кесірі басшыларына тиді. Елек ішкі істер бөліміндегі бастықтар қарамағындағы қызметкерлерінің бұзықтығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Айта кетелік,  екі апта бұрын инспектор гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге тексеру жүргізген. Сол кезде бір оқушының сабаққа спорттық киіммен келгенін анықтайды. Оны бөлмесіне алып кетіп соққыға жығады. Бұл оқиғадан кейін қаладағы барлық мектептің инспекторлары тексеруден өткен. Ал шу шыққан білім ошағының директорына сөгіс берілді.

Дина Халетова, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Екінші мектепте қызметтік тексеру өтті. Соның қортындысында мектеп директорының орынбасары Лобанова директордың бұйрығымен жұмыстан босатылды. Қалалық білім бөлімі басқармасының бұйрығымен мектеп директоры Дәнішоваға сөгіс жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде