{metadescription}
Назарбаев адамдар арасындағы күндестік туралы айтты
Назарбаев адамдар арасындағы күндестік туралы айтты

Назарбаев адамдар арасындағы күндестік туралы айтты

Астанада Дүниежүзі және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі басталды.  Бұл жиын  Елордада өтетін басқа да халықаралық саяси, экономикалық, ресми отырыстарға ұқсамайды.

Оны қатысушыларға қарап-ақ байқауға болады.  Олардың киімдері ғана емес, әлемдегі  өзгерістерге деген көзқарасы да сан алуан. Бірақ, Елордаға  жиналған имам, раввин, поп пен өзге де діни қызметкерлердің  мақсаты ортақ. Съезге қатысушылар жер бетінде  тыныштық,  адамдар арасындағы татулық пен бейбітшілік орнатудың жолын  іздеуге келген.  Өйткені, қазір діни лаңкестік, экстремизм мен қауіп-қатер сейілмей тұр. Жиынды ашып берген Елбасы да  қырқыс бар жерде Құдайға сенімнің де  болмайтынын айтты. Және Нұрсұлтан Назарбаев дүниені дүрбелең қылып отырған өзекті түйткілдерді  атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Адамдар бір-бірін қырып-жоюға,  күндестікке көп күш жұмсайды. Онсыз да қазір миллиондаған азамат  туған жерін тастап кетуге мәжбүр. Жер бетінде 65 миллион босқын жүр. Жылына  табиғат апаты салдарынан 24 миллион адам кедей болып қалады. Әлем халықының 14 пайызы ашқұрсақ. Сондықтан, бүгінгі жиынға қатысып отырған дін өкілдерін бейбітшілікті, қауіпсіздікті насихаттауға шақырамын.

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.