{metadescription}
Елімізде пәтер иелері кооперативі мүлдем жойылуы мүмкін
Елімізде пәтер иелері кооперативі мүлдем жойылуы мүмкін

Елімізде пәтер иелері кооперативі мүлдем жойылуы мүмкін

Өйткені, оның орнына, мүлік иегерлерінің бірлестігі құрылып, тұрғын үйлерге  қызмет көрсету жүйесі түбегейлі өзгергелі жатыр. Тиісті заң жобасы бүгін мәжілісте таныстырылды. Ал, кооператив қызметкерлері мұндай өзгеріске қарсы шығып отыр.

Елімізде пәтер иелері кооперативінің жұмысына шағымданушылар тым көп. Өйткені, ай сайын ақы төлегенімен, тұрғын үй мәселесі шаш етектен. Жөндеу жұмыстарын айтпағанда қарапайым тазалық сақталмайды дейді тұрғындар. Тіпті, жұрт жиналған ақшаның қайда кетіп жатқанынан бейхабар.

Светлана Иманбаева, Астана таласының тұрғыны:

-Мысалы бізде 19 қабатты үй. Қаншама подезд, қаншама пәтер бар. Ал ақша қайда? білмейміз.  Ол  жөндеу мен әкетеп-сырлауға  жұмсалуы керек қой.

Енді тұрғындардың жүйкесін жұқартқан пәтер иелері копперативі мүлдем болмауы мүмкін. Өйткені, оның орнына тұрғын үйдің шаруасымен енді басқарушы компания айналыспақ. Тиісті заң жобасы бүгін мәжілісте таныстырылды. Құжатқа сай, жаңадан құрылатын бірлестіктер кооперативтер  сияқты бірнеше емес, тек бір үйге қызмет көрсетуі тиіс. Сол үшін жоба авторлары олардың жұмысы ашық, әрі тиімді болатынына сенімді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

-Мынау кооперативтер  жинап жатқан ақшаның қайда екенін ешкім білмейді . Негізі оны бір жерде жинап, сол ақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Сол механизмдерді қазір қарап жатырмыз. Оны қолдайтын болса, мына 1-3 жылдың ішінде көптеген үйлер жөнделіп қалады.

Әрі жаңа сервистік компаниялар жиналған ақшаның қайда жұмсалғаны туралы онлайн есеп беріп отырмақ. Оны тұрғындар арнайы қосымша арқылы ұялы телефоннан көріп, тіпті бірлестік жұмысына көңілі толмаса, оны дауыс беру арқылы алмастырса болады. Ал, кооператив басшылары мұндай жаңашылдыққа әрине қарсы. Өйткені, қызметтің аты өзгергенімен, заты сол болып қалады.

Элмира Николаенко, Пәтер иелері кооперативінің  төрайымы:

-Керісінше, кооперативтің  жұмысын жетілдіру керек. Өйткені, бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жүйе. Енді оны өзгерту ақылға қонбайды. Оның үстіне біздің жұмысымыз ашық. Үш ай сайын жазбаша есеп дайындаймыз. Бірақ, тұрғындардың өздері оны керек қылмайды.

Десе де тұрғын үй шаруашылығына жаңа серпін береді деген заң әзірге жоба түрінде ғана. Сондықтан ол алда әлі  талай талқыдан өтуі тиіс. Шенеуніктер  ең алдымен тұрғындар төлеуі тиіс тарифтерді бекітпекші. Ол әр қалада әркелкі болмақ.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде