{metadescription}
Ілияс Храпуновқа тықыр таянды
Ілияс Храпуновқа тықыр таянды

Ілияс Храпуновқа тықыр таянды

Ілияс Храпунов қымбат көліктері мен виллаларының  рахатын көре алмайды. Әділет министрінің айтуынша, ол бүгінде бүкіл елге масқара болып отыр. Оның үстіне, кіші Храпуновтың байлығы ұрланған дүние екенін дәлелдейтін қосымша дәлелдер тауыпты.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

-Голливуд жұлдыздарын шақырып, көңілді кештерге қатыса алмайды. Керек десеңіз Калифорнияда бизнестің жаңа түрін бастауға болар еді. Ол мұның бірін де істей алмай отыр. Әзірге біздің басты жетістігіміз осы болып тұр.

2015 жылы Алматы қаласы әкімдігі Калифорния штатының сотына талап арыз берген болатын. Оның мәнісі, Храпуновтар Алматы бюджетінен ұрлаған ақшасына Калифорния штатында қымбат көліктер мен виллалар сатып алған. АҚШ соты әуелде ол  шағымның бәрін қайтарып тастағанымен, былтыр наурыз айында апелляциядан кейін қайтадан істі қарайтын болды. Осы аралықта Ілияс Храпунов бүкіл активтерін АҚШ аумағынан шығарып әкеткісі келген екен. Ал Әділет министрлігі оған енді тыныштық бермейміз деп отыр. Министрлік осы тартысқа Алматы әкімдігінің атынан түсіп жатқанын айта кетейік. Олар АҚШ-тағы Ілиястың мүліктерімен айналысқан риэлторлық компанияға және банктерге хат жолдап, қосымша дәлелдерге қол жеткізіпті. Оның бәрі құқық қорғау органдарына табысталған. Айта кетсек, жақында Алматының бюджетін  ханталайпайға салған экс-әкім Виктор Храпунов – 17 жылға, әйелі Лейла Храпунова – 14 жылға сырттай сотталған болатын.

ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.