{metadescription}
Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді
Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді

Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді

Қош бол, Шер-аға! Бүгін Алматыда халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны азалы жұрт ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға жиналған қауым намыстан жаратылған  абыз ақсақалмен мәңгілікке қимай қоштасты. Ал, марқұм Кеңсай зиратында Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

Алаштың Шерағасын ақтық сапарға аттандырған Әуезов театрында халық қисапсыз жиналды. Ал, қаралы жиында министрлер, әкімдер, депутаттар және белгілі қоғам қайраткерлері алып тұлғаның өнегелі ғұмыры жайында тебірене толғанып, көпшілікке басу айтты. Қазақ журналистикасына өзгеше дем берген қаламгер «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттері, «Жалын» альманахы және «Жұлдыз» журналын басқарған жылдары талай талантқа қанат бітірді. Әдебиетте де қадау-қадау туындылар   жазып, әсіресе Тұрар Рысқұловтың өмірін арқау еткен «Қызыл жебе» және өзі жайындағы «Ай мен Айша» романдарын дүниеге әкелді. Ал, шындықтың шырақшысы депутат болған жылдары ел мен жер тағдырына қатысты қысастыққа табанды қарсылық танытып, ұлттық мүддені қызғыштай қорғады.

Өмірбек Байгелді, Мемлекет және қоғам қайраткері:

-Таза адам кетіп қалды, халықтың сүйеніші кетіп қалды деп, соған өкініп жатыр халық. Бұл кісі халқының нағыз патриоты еді. Өзін ешқашан ойлаған емес.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.