{metadescription}
Доллар бір түнде 5 теңгеге қымбаттады
Доллар бір түнде 5 теңгеге қымбаттады

Доллар бір түнде 5 теңгеге қымбаттады

Осы орайда, қаржыгерлер миллиондаған қаржы құйып интервенция жасаған Бас банк теңгенің тұрақтылығын толық бақылай алмай отыр деп қынжылады.

Бүгін Каse қор биржасында АҚШ ақшасы 372 теңге деп бекітілді Ал, ақша айырбастау орындарында 1 доллар 372-374 теңгеден саудаланып жатыр. Қаржыгерлер сәт-сайын бағаның шарықтауына жол беретін сауда орындарын мықтап бақылауға алуды ұсынды. Ақша айырбастауға келген адамға жоғары баға ұсынып, пайда табу үшін осындай тәуекелге баратын кәсіпкерлер бүгінде көбейген. Ұлттық банктың бектіктен дәлізі бойынша, долларды сатып алу мен сатудың айырмашылығы 4-6 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, теңге бағамы валюта нарығындағы алып-сатарлардың пайдасына қарай белгіленеді дейді сарапшылар. Төл ақшамыздың тағдырын 20-ға жуық ойыншы шешеді екен. Яғни, ұлттық валюта құны қор биржасынан тыс анықталады.

Есет Бутин, қаржыгер:

-Ақша айырбастау пунктері шекті дәлізден жоғары бағада сатқанын байқадым.Олар түсінбейді. Әрине, ең бірінші  жеке пайдаларын ойлайды. Әрине, теңге бағамын ұсыныс пен сұраныс анықтайды. Сондықтан алып-сатарлардың рөлі басым. Бас банк әдеттегідей қол қусырып отыр. Интервенция жасады. Бірақ оның пайдасы шамалы болып тұр. Жыл соңына дейін доллардың өсетіні анық. Сыртқы факторлардың әсерінен, Ақш ақшасы 400 теңгеден асып жығылуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде