{metadescription}
Ақтөбеде қатарласын пышақтап өлтірген «Алтын белгі» иегері сотталды
Ақтөбеде қатарласын пышақтап өлтірген «Алтын белгі» иегері сотталды

Ақтөбеде қатарласын пышақтап өлтірген «Алтын белгі» иегері сотталды

Мектепті биыл ғана үздік бітірген түлек енді тоғыз жыл өмірін түрмеде өткізбек. Сондай-ақ, марқұм Азат Дүсіповтың отбасына 5 жарым миллион теңгеден астам өтемақыны сотталушының әкесі бір ай ішінде төлеуі тиіс. Дегенмен, кәмілет жасына толмаған бозбалаға жаза тым ауыр деп отыр адвокаттары.

-Қос түлек арасындағы кикілжің 25 мамыр соңғы қоңыраудан соң болған. Кешке оқушылар мектеп бітіргенін тойлап жатқан кезде қаза тапқан Азаттың аяғын сотталушы басып кетеді. Бұған өштенген марқұм оның соңынан қалмай қояды.

Сот отырысында белгілі болғандай айыпталушы Бекназ Кеңшілікті қаза тапқан Азат Дүсіпов көшеден достарымен бірге ұстап алады. Ағаш арасына апарып төбелеседі. Сол жерде сотталушы қалтасынан түсіп қалған пышақты бірнеше рет сұғып алған. Қансырап жатқан қатарласына қарамастан оқиға орнынан қашып кетеді. Сондықтан сот оны ауыр қылмысқа барды деп шешіп, 9жылға бас бостандығынан айырып отыр.

Алтынбек Сабыров, судья:

-Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кеңшілік жазасын кәмілетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесіне өтеуге жіберілсін.Жаза өтеу мерзімі 18 маусым 2018 жылдан бастап саналсын.

Сотталушының кәмілет жасына толмауына байланысты қаралы отбасы одан тікелей өтемақы талап ете алмайды. Сондықтан Бекназ Кеңшілік үшін әкесі жауап береді. Марқұмды жерлеуге кеткен 2 жарым миллион шығын мен 3 миллион моральдік өтемақыны бір ай ішінде сотталушының ата-анасы төлеуі тиіс. Әйтсе де, адвокаттары үкім кесілген тоғыз жылды тым ауыр деп отыр. Сондықтан облыстық сотқа шағым түсірмекші.

Раушан Тәжімова, адвокат:

-Бұл айыптау қортындысын түгелдей көшіріп алған сияқты ыңғай танытты. Біздің қорғап жатқан балада ешқандай бұзақылық ниет болған жоқ. Бұның жасаған әрекеті қазіргі сараптамаланып тұрған бапқа сәйкес емес. Апелляциялық шағым дайындаймыз.

 

- Сот кезінде пышақ салғанын мойындады. Бірақ оны қорғану үшін қолданғанын айтқан еді. Адвокаттары да осы ұстанымда. Олар сот сараптамаларының жан жақты жүргізілмегеніне көңілдері толмай отыр. Ал сотталушы бала мектепті үздік бітіріп қана қоймай, бірнеше мәрте халықаралық пәндік олимпиадалардан жүлдегер атанған екен. Әйтсе де, қаралы отбасы оған еш кешірім бермеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.