{metadescription}
Құлаған зымыранның  бөлшектері Ұлытау ауданынан табылды
Құлаған зымыранның  бөлшектері Ұлытау ауданынан табылды

Құлаған зымыранның бөлшектері Ұлытау ауданынан табылды

Жезқазған маңынан әуеде апатқа ұшыраған "Союз МС 10» ғарыш кемесінің барлық 3 бөлігі мен қозғалтқышы түгел табылды.  Зымыранның қалдықтары Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы Талап ауылынан 40 шақырым жерге құлаған екен. 

Кеменің сынықтары кешелі бері Қызылорда, Қарағанды және Павлодар өңірлерінде іздестірілген еді. Естеріңізге салсақ, ғарыш кемесі Байқоңырдан кеше  сағат  14:50 -де көкке көтерілген. Алайда 2 минуттан соң кеменің қозғалтқыштары істен шығады. Ғарышкерлер орналасқан капсула автоматты түрде кемеден бөлінген. Ол Жезқазған қаласынан 25 шақырып жерге түсті. Капсуладағы ресейлік Алексей Овчинин мен НАСА астронавты Ник Хейг аман есен. Олар бүгін Мәскеуге жеткізілген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде